ҚОҒАМДЫҚ МҮДДЕЛЕРДІ ҚЫРАҒЫЛЫҚПЕН ҚОРҒАУДА

Қоғам
895 Views

Былтырдан бері ірі мегаполиске айналған Шымкент қаласының прокуратурасында тәуелсіз де егемен еліміздің қолданыстағы заңдарының мүлтіксізорындалуын қатаң қадағалау шаралары тиянақты жүргізіліп келеді. Осы орайда жаста болса бас бола білген білікті басшы Мақсат Аманқұлұлы Қожабаев өзінің пәрменді тірліктерімен көзге түсуде. Ол Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан),Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы прокурорының орынбасары, Жамбылоблысы прокурорының бірінші орынбасары қызметін абыроймен атқарған. Шымкенткекелгелі де өзінің жұмысын ширата түскен. Бір миллионнан астам тұрғыны баршырайлы шаһарда өзге құқық қорғау органдары секілді прокуратура саласынажүктелетін міндет те жоғары екені айтпаса да түсінікті.

Шымкент қаласының прокуратурасында жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен кәмелет жасына толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, ұрлық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңның сақталу мәселелері бойынша Үйлестіру кеңесі өтті. Кеңес мүшелері кәмелетке толмаған жасөспірімдердің істері туралы құрылған мобильді топтың жұмысына оң баға беріп, бұл топпен 144 алдын алу жұмыстары жүргізілгені аталды.

Аталған іс-шаралар нәтижесінде ата-анасының бақылауынсыз жүрген 344 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылған. Түнгі уақытта заңды өкілісіз тұрғын жайдан тыс жерлерде жүрген 1983 жасөспірімнің ата-аналары әкімшілік жауапқа тартылған.

Сонымен қатар қала прокуроры М.А.Қожабаев «МаслоЖирКомбинат» аумағында орын алған үш жастағы бүлдіршіннің өліміне қатысты қозғалған қылмыстық істі жіті бақылауға алғанын атап өтіп, бұл бағытта жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарына тиісті шараларды қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ, өзгенің мүлкін ұрлау тақырыбына тоқталған Мақсат Аманқұлұлы, бұл санатындағы қылмыстардың 21 пайызға, жалпы тіркелген қылмыстардың 19 пайызға төмендегенін атап өтіп, жергілікті атқарушы органдарын профилактикалық жұмыстарды құқық қорғау органдарымен қатар жүргізуге бағыттады.

Үйлестіру кеңесінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтардың алдын алу жұмыстарының және қылмыстық істердің тергелу барысы қаралды. 2019 жылы лауазымды тұлғалар жасаған сыбайлас жемқорлыққа қатысты 46 қылмыстық іс тіркелген. Мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық жұмыстарды жүргізу мақсатында құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардан мекемеаралық топ құру туралы шешім қабылданды. Мәжіліс қорытындысы бойынша профилактикалық жұмыстарды жандандыру бойынша бірқатар шаралар ұсынылды.

Шымкент қаласының прокуратурасында 2019 жылдың алғашқы алты айында атқарылған жұмыстарды қорытындылау және алдағы кезеңге міндеттерді айқындау бойынша алқа мәжілісі өтті. Жиынды ашқан қала прокуроры Мақсат Аманқұлұлы өткен кезеңдегі атқарылған жұмыстың нәтижелеріне тоқталып, бірінші жартыжылдықта қала аумағында криминогендік ахуалдың 15,4 пайызға (9089/7880) төмендеуімен сипатталатынын атап өтті.

Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың (39-дан 23-ке), олардың өздерімен жасалған қылмыстың (123-тен 94-ке) төмендеуіне қол жеткізілген. Қылмыстық қудалау органдарымен заңсыз қылмыстық жауаптылыққа тартудың орын алған 10 фактісі прокуратураның араласуымен жойылған.

Қоғамдық мүдделерді қорғау саласында қала прокурорлары 36 тексеру мен 78 талдау жұмыстарын жүргізіп, заңбұзушылықтарды жою жөнінде 130 ұсыну, 6 наразылық, 1 талап арыз даярланған. Нәтижесінде 434 мың тұлғаның құқықтары қорғалып, біржарым мың тұлға тәртіптік, 70 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылған. Мемлекет пайдасына жалпы 5,3 миллиард теңге өндірілген.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды үйден оқытқаны үшін 4428 мұғалімнің жалақысына қосымша 60,3 миллион теңге өндірілген. Прокурор актілері негізінде 230 мың коммуналдық қызмет тұтынушыларының құқықтары қорғалған.

Игерілмеген 2,5 мың (14 500 гектар) жер телімдері анықталып, ықпал ету актілері негізінде мемлекет меншігіне кадастрлық құны 4,8 миллиард теңге тұратын біржарым мың (1 000 гектар) жер қайтарылды және 630 (5973 гектар) жердің игерілуі басталды.

728 еңбекке қабілетті сотталғандардың 89 пайызы немесе 609-ы ақылы жұмыспен қамтылған.

Шымкент қалалық прокуратурасында өткен алқа мәжілісінде құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдары басшыларының қатысуымен есірткі мен психотропты заттардың заңсыз айналымымен күрес және жер заңнамасының сақталуы бойынша атқарылған жұмыстар сарапқа салынған. Қалалық полиция қызметкерлері өздерінің статистикалық көрсеткіштерін жоғарылату мақсатында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 1-бөлігімен 232 істі ойдан тіркеп, есептік мерзім аяқталғаннан кейін істерді қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты қысқартқаны айтылған. 171 қылмыстық іс бойынша айғақ заттарды тәркілеу, тіркеу, сақтау, беру мен оларды жою туралы ереженің талаптарын бұза отырып жойылуға жататын есірткі заттары заңсыз сақталған. Тек қала прокуратурасының тікелей араласуымен полиция департаменті сақтауда тұрған 13 келі есірткі заттарын жойған.

Жергілікті атқарушы органдар тарапынан жер заңнамасының сақталуы талқыланған. 2018 жылы қала бойынша 1843 (13,5 мың гектар), ал 2019 жылы 2524 игерілмеген жер телімі анықталғаны (14,5 мың гектар) аталды. Бүгінгі таңда құны 2,7 миллиард теңге, көлемі 616 гектар тұратын 468 жер телімі (419 — кәсіпкерлік, 49 — ауыл шаруашылығы мақсатында) мемлекет пайдасына қайтарылды. Прокуратураның араласуынан кейін жалпы құны 2,4 миллиард теңге болатын, көлемі 6 мың гектарды құрайтын 628 жер телімінің игерілуі басталды.

Шымкент қаласының прокуратурасы осылайша жаңа бағыттар мен міндеттерді айқындап, өз жұмыстарын жүйелі жүргізуде. Сөйтіп, қала көлеміндегі қылмыстың алдын алу, болдырмау, қадағалау шараларын тындырымды атқаруларымен тұрғылықты халықтың алғысына бөленіп келеді.

Әділ ҚЫРАН.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *