КӨРСЕТІЛЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САПАСЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Қоғам
974 Views

Шымкент қаласы бойынша экология департаменті (бұдан әрі –департамент) 2018 жылдың қыркүйек айының аяғында құрылып, штат бірлігі толықтырылып, 2019 жылдың басында толықтай жұмысын бастады.

Департамент тарапынан «І санаттағы нысандар үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу» және «І санаттағы нысандар үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызметтері көрсетіледі.

Атап айтқанда, ҚР Экологиялық кодекске сәйкес өндірістік нысандар I, II, III, IV болып – 4 санатқа бөлiнген. I санатқа өндiрiстiк нысандарды санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң І және ІІ-сыныптарына жататын қызмет түрлерi енеді. Санитарлық талаптарға сәйкес санитарлық қорғау аймағы – 1000 метр, 1 сыныпқа жатқызылған және санитарлық қорғау аймағы – 500 метр, 2 сыныпқа жатқызылған кәсіпорындарға экологиялық рұқсаттар беру департаменттің құзырында.

ІІ, ІІІ, ІV санаттардағы санитарлық қорғау аймағы 499 метрден 99 метрге дейінгі кәсіпорындарға экологиялық рұсаттар жергілікті атқарушы органдарымен беріледі.

Департаментке негізінен жұмыс істеп тұрған І санаттағы кәсіпорындардан қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң жобалары, ауаға шығарындылар шығаруға, сарқынды суларды төгінділері және қалдықтарды орналастыру үшін рұқсаттар беріледі.

Департаментке 2019 жылдың І жартыжылдығында мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алуға 21 жоба тапсырылды. 12 жоба ескертулермен кері қайтарылып, 8 оң қорытынды, 1 теріс қорытынды берілді.

Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуға – 10 өтінім тапсырылды. 8 өтінім бойынша рұқсат берілді, 2 өтінім ескертулерге байланысты қайтарылды. Аталған мемлекеттік қызметтер тек қана электронды түрде көрсетілуде.

Сонымен бірге 2019 жылдың мамыр айынан бастап І санаттағы нысандар үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты бір өтінім арқылы бірге беру композиттік қызметі іске асырылуда. Екі қызмет біріктіріліп, бір рұқсат құжатты алуға мүмкіндік туындады.

Сонда мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу мерзімі І санаттағы нысандар үшін 45 жұмыс күні, қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты беру мерзімі I санаттағы нысандары үшін – 15 жұмыс күн болатын. Қазіргі уақытта, композиттік қызмет арқылы екі құжатты бірден 45жұмыс күннен аспайтын мерзімде алуға болады.

Жылдан жылға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында рұқсат беру мерзімдері қысқарып, табиғат пайдаланушыларға қолайлы жағдай жасалуда.

М.ӘБДУМӘЖИТ,

Шымкент қаласы бойынша экология департаменті экологиялық реттеу бөлімінің жетекші маманы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *