БАСҚАРМА БАСШЫСЫ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ

Денсаулық
901 Views

Шымкенттік медицина қызметкерлерінің жүктемесі азайып, жалақысы көбейіп отыр. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялықорталығында қалалық денсаулық денсаулық сақтау басқармасының басшысы АсханБайдуәлмев бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған брифингте мәліметті. Оның айтуынша, тұрғындарға қызмет көрсететін медициналық жедел жәрдемніңсапасы жақсара түспек. Бұл үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында«Мейдей Қазақстан» түрік компаниясы 100 медициналық жедел жәрдем автокөлігінсатып алмақ. Сонымен қатар медициналық ұйымдарға биылғы маусым айынан бастап14382 қызметкердің жалақысы 30 пайызға көбейген. Атап айтқанда, ешқандай санатыжоқ медбикенің жалақысы 94095 теңгеден 122323 теңгеге дейін өскен. Ал ең жоғарысанаты бар дәрігер 159271 теңге жалақы алады. Үшінші мегаполистегі 35 медициналықұйымның 14-і мемлекеттік. Қараша айында «Қайтпас-1» шағынауданындағы жаңаемхана, 2020 жылы 1000 орындық заманауи аурухана ел игілігіне пайдалануғаберілетін болады.

2020 жылдан бастап еліміздегі әрбір азамат тегін медициналық көмекке қол жеткізе алады. Бұл үшін кепілдендірілген тегін көмек және медициналық сақтандыру пакеттерінің жаңа нұсқасы бекітілді. Басқосу барысында осы жүйенің мақсаты да түсіндірілді. Келесі жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мен кепілдендірілген тегін медициналық көмек атты екі пакет енгізіледі. Бұдан былай тегін медициналық көмек пакеті минимальды стандарттардан тұрады. Мәселен, шұғыл көмекке зәру азаматтарға медициналық көмек көрсету, эпидемияның жаппай таралуына жол бермеу, көмектерін бұрынғыдай тегін аласыз. Ал сақтандыру пакеті науқастың өмірін сақтандырады. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Найля Киікбаеваның айтуынша, бұл пакеттерге шұғыл медициналық көмек, алғашқы санитарлық көмек, созылмалы инфекциялық емес аурулар, консультативтік-диагностикалық көмек кіреді. Оны еліміздің барлық азаматтары ала алады.

Қазіргі қазақстандық медициналық жүйеде ем-шараға әрбір азамат қалтасынан шамамен 40 пайыз қаржы жұмсайды. Ал әлемдік тәжірибеде бұл көрсеткіш 20 пайыздан аспауы керек. Енді осы олқылықтың орнын медициналық сақтандыру жүйесі толтырады. Нәтижесінде дәрігерлердің жүктемесі азайып, жалақысы көбейеді.

Брифингте бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, оларға тұщымды жауаптар алды.

«Әділет-ақпарат».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *