МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МЕРЕЙІМІЗДІ ӨСІРЕДІ

Құқық
979 Views

ОҚО ҚАЖД пробация құқықтық-әлеуметтік көмек көрсету орталығының қызметкерлері Шымкент қаласы Еңбекші аудандық әкімдігі өкілдерінің қатысуымен көптеген ізгілікті де игілікті іс-шараларды жүзеге асырып келеді. Соның бірі мемлекеттік тіл – қазақ тілінің мәртебесін көтеру жолындағы атқарылған жүйелі жұмыстар дер едік. Мұндағы барлық ұлттар мен ұлыстардың өкілдері өздерінің ана тілімен қоса-қабат қазақ тілінде емін-еркін сөйлеп, жаза алады. Әліпбиіміздің латын қарпіне көшуіне байланысты болашақта бұдан да ізденіспен еңбек етуге талпынуда. Жергілікті халық өкілдерімен сыйластықта, қоян-қолтық еңбек етуде.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген қағидалы сөзін берік ұстанған туған тіліміздің мерей-мәртебесін өсірумен бірге халқымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрін дәріптеуді де ұмытпайды. Әсіресе күллі мұсылман жұртшылығының қасиетті мерекесі – Наурыз мейрамын лайықты сән-салтанатымен атап өтіп жүр. Жеті дәм қосылған Наурыз көже дайындаудан бастап халқымыздың дәстүрлі ойын-сауықтарын көңілдегідей жүзеге асыра біледі.

Еліміздің қолданыстағы заңнамалық нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес белгілі бір жағдайлармен аяқтарын шалыс басқан азаматтардың бостандыққа шыққаннан кейін бейбіт өмірге бейімдеу үлкен сауап тірлікке жатады. Өйткені олар да қоғамымыздың бір мүшесі болып саналады. Қарапайым халыққа қажетті әлеуметтік көмекке әлгіндей жандар да мұқтаж. Сол себепті «Сен қоғамға керексің!» ұранын ұстана отырып, оларға жұмыс тауып беріп, баспанамен қамту мәселесін шешуге кәсіпкерлердің жәрдемі қажет-ақ. Рас, олардың арасында түрлі кәсіп иелері, өмірлік тәжірибесі бар азаматтар да көптеп кезігеді. Бәрі де біздің жүргізіп отырған тәлім-тәрбие жұмысымызға ризашылық сезімдерін білдіруде. Қылмыс атаулыдан аулақ жүріп отбасы, бала-шағасының қамын ойлайтынын көргенде ерекше сүйсініп қаламыз. Сөйтіп еңбегіміздің еш кетпегеніне шүкіршілік етеміз.

Есімхан ЕРЕЖЕПОВ,

Еңбекші аудандық

№1 пробация құқықтық-әлеуметтік көмек көрсету орталығының аға инспекторы, Әділет аға лейтенанты.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *