АБЫРОЙЫМЫЗДЫ АРТТЫРАТЫН АТА ЗАҢ

Қоғам
904 Views

Сіздерді Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Еліміздің тарихынан бастау алған бүгінгі Конституциямыз – халық қолдап, елімізді биік белеске шығарған тарихи маңызды құжат. Онда мемлекетіміздің озық заңдары негізінде қабылданған республикамыздың басты құқықтық құжатының әрбір бабы ежелден еркіндікті аңсаған еліміз үшін аса құнды.

Конституция – барлық заң салаларының негізі. Ал оның нормалары басқа заңдардың негізгі бастауы болып табылады. Тағылымды тарих еншісіне айналып үлгерген 24 жыл ішінде Ата Заңымыз мемлекетімізді толағай жетістіктерге жеткізіп, әлемдік қауымдастықтың белді мүшесіне айналдырды. Бүгінде қазақ елінің даңқы әлемге танылып, бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу жолында қарышты қадамдар жасауда. Бұл Елбасымыздың табанды түрде жүргізіп отырған саясатының жемісі және жеңісі. Сондай-ақ, Тұңғыш Президентіміздің саралы саясатының арқасында өркендеп, «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында – тәртіп жоқ жерде қоғамдық тұрақтылық пен экономикалық дамудың болмайтыны туралы айтқан сөздерін ескере отырып, облысымыздың қарқынды дамуы үшін өңірдегі қоғамдық тәртіптің тұрақты болуы басым бағыттардың бірі екені сөзсіз.

Бұған қоса Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған басты он бағытының үшіншісінде «Құқық қорғау жүйесінің басты міндеті – халықтың сеніміне ие болу» деп бізге үлкен жауапкершілік жүктеді. Бұл сенімді өз деңгейінде ақтауымыз қажет!» – деген сөздері біздің де алға қойған мақсаттарымызды айқындап, тиісті жүйеге келтіріп отыр. Конституцияда белгіленген әлеует еліміздің одан әрі тиімді дамуы мен конституциялық құқығын жетілдіру үшін негіз болды. Ол қоғамдағы саяси процестер мен демократиялық өзгерістер, барша қазақстандықтардың әл-ауқатын көтеру үшін үлкен импульс болып табылады.

Негізгі Заңды қабылдау арқылы Қазақстан халқы өз тарихындағы маңызды оқиғалардың біріне қадам басты. Конституция Қазақстан мемлекетінің егемендігін, билік пен қоғам құрылымының демократиялық принциптерін бекітіп қана қоймай, сонымен қатар елдің одан әрі даму бағытын айқындап, табысты әлеуметтік-экономикалық қайта құруларды жүргізу үшін бағдарға айналды.

Еліміздің Негізгі Заңы жаңа Қазақстанның табыстарының сенімді кепілі бола білді. Тиімді құқықтық жүйенің арқасында біз елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ете отырып, экономикалық өсу мен қоғамдық әл-ауқатқа қол жеткіздік. Отанды сүю – әр азаматқа тән жауапкершілік. Бұл әрқайсысымыз үшін мемлекет алдындағы азаматтық борышымыз. Ата Заңның талаптарын бұлжытпай орындау – Республикамыздың әрбір азаматының, соның ішінде азаматтардың заңды мүдделері мен конституциялық құқықтарын қорғаушы ішкі істер органдары қызметкерлерінің тікелей міндеті. Сонымен қатар халық пен полиция арасында мазмұны және сипаты бойынша сапалы жаңа қарым-қатынастар құру және ішкі істер органдарына азаматтардың сенім деңгейін арттыру өте маңызды міндет болып табылады. Осыған байланысты негізгі талаптарына сәйкес біз ішкі істер органдары қызметінің қазіргі уақытқа сәйкестігін қамтамасыз етуіміз, оларды қылмыстың көріністеріне қарсы тұруға және елімізде қоғамдық қауіпсіздіктің кепілі болуға, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауда өз қызметтік борыштарымызды абыроймен орындайтынымызға сенімдіміз.

Өз кезегінде Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Полиция ашық болуы тиіс. Бұл үшін халықпен тығыз байланыс қажет», – деп шегелеп айтқан болатын. Президентіміздің бұл сөзін одан әрі мүлтіксіз орындап, жоғары деңгейде іске асыру мақсатында салалық министріміз, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев «Полиция ашық, халыққа жақын болуы керек. Бізде сауатсыз, өз басының пайдасын ойлайтын қызметкерлерге орын жоқ», – деп нақты әрі сенімді сөзімен полиция қызметкерлеріне халыққа жақындау, жұртшылықпен қарым-қатынасты күшейту мақсатында тікелей тапсырмалар беруін одан әрі ұлғайтты.

Аталмыш тапсырмаларға сәйкес ай сайын ашық аспан астында отырып, қалың жұртшылықты кезексіз қабылдаған «Жолда қабылдау» атты республикалық акция, департаментіміздің және оған қарасты барлық басқарма, бөлімдердің жанынан тізбектей ашылған халықтық кеңселер, Полиция қызметкерлерінің халық арасындағы сенімділігін арттыру мақсатында құрылған, полиция жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуге арналған консультативтік-кеңесші органы секілді ауқымды жұмыстардың барлығы полицияның ашықтығын көрсетеді. Сонымен бірге өзімнің әлеуметтік желідегі «Фейсбук» пен «Инстаграмда» жеке парақшам ашылып, тұрғындармен қарым-қатынасым одан әрі жақындай түсті. Бұл да полиция жұмысының ашықтығының бір ғана бағыты. Жоғарыда айтқандай, халықтық кеңселерде ашық есік күндерін өткізу де ашықтықты айқындайды.

Біз әрбіріміз Конституцияны құрметтеу және сақтау арқылы, оның тарихы мен маңызын білу арқылы өз Отанымызды, тарихымызды, құндылықтарымызды құрметтейміз және еліміздің дамуына, бейбітшілік пен тыныштыққа қол жеткізе аламыз. Сондықтан, оны ардақтау – әрбір азаматтың міндеті мен асыл парызы.

Құрметті отандастар, ардақты ардагерлер мен әріптестер! Сіздерді атаулы мерекемен тағы да шын жүректен құттықтай отырып, шаңырақтарыңызға құт-береке, ырыс пен ынтымақ, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Елбасымыз айтқандай, «Мәңгілік Ел» болу жолында ынтымағы жарасқан еліміздің бағын асыратын, мерейін тасытатын үлкен істе баршаңызға сәттілік тілейміз! Мереке құтты болсын!

Қайрат ДӘЛБЕКОВ,

Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы,

полиция генерал-майоры.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *