МҰНАЙШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ

Экономика
937 Views

Облыс әкімі Қуанышбек Досмайылұлы Ысқақов мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен және қазақстандық мұнай өнеркәсібінің 120 жылдығымен құттықтады.

Аймақ басшысы «Кезінде Құмкөл кенішінің ашылуы – Сыр өңірінің мұнайлы өлке ретінде дамуы мен өнеркәсіптік аймаққа айналуының негізін қалады», – деп атап өтті.

–»Өңірімізде толықтай мұнай-газ кластері қалыптасты. Содан бергі уақытта Сыр мұнайы экономикамыздың дамуына зор үлесін тигізді. Өңір экономикасының негізгі локомотиві болды. Өкінішке қарай, соңғы алты жылда облыста мұнай өндіру көлемі 4,3 млн.тоннаға қысқарды. Болжам бойынша биылғы жылы тағы 1,1 млн.тоннаға қысқарады деп отырмыз», – деді Қуанышбек Ысқақов.

Сарапшылардың айтуынша, өңірдің мұнай-газ саласының ресурстық әлеуетін одан әрі арттыруға перспективалы шөгінді бассейндер мен Арал теңізінің акваториясын кең ауқымды зерделеу ықпал ететін болады.

«Қазірдің өзінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары бекітілді. Кешенді жоспарда Шу – Сарысу, Оңтүстік – Торғай, Сырдария шөгінді бассейндерін геологиялық зерттеу де қамтылған, онда көмірсутек қорларын анықтау қарастырылған», – дей келе аймақ басшысы облыстың ірі компанияларын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде жаңа кен орындарын барлау бойынша бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Сондай-ақ, мұнай саласының Құрметті ардагері, Қазақстанның «Еңбек Ері» Ұзақбай Қарабалин сала қызметкерлерін құттықтады. Өңіріміздің мұнай-газ саласының үздік қызметкерлеріне марапаттар табысталды.

Нұрбибі ЖҰМАН.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *