БЮДЖЕТТІ ЖОСПАРЛАУ ТАЛАБЫ КҮШЕЙЕДІ

Билік Саясат
894 Views

ЕРЛАН ҚУАНЫШҰЛЫ АЙТАХАНОВ БЮДЖЕТТІ ДҰРЫС ЖОСПАРЛАУДЫ ТАПСЫРДЫ. ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА ЕНДІ КЕШІРІМ БОЛМАЙДЫ!

Кемшіліктерге жол берген тұлғаларға қатаң шара көріледі. 12 қыркүйек күні Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановтың төрағалығымен бюджеттік тәртіптікүшейту, оның атқарылуын жүйелеу және бюджетті жоспарлаудың тиімділігін арттырумәселелеріне арналған жиын өтті. Қала басшысы жергілікті атқарушы мемлекеттікоргандардың бюджетті жоспарлауда кемшіліктерін сынға алып орындаушылықтәртіптің өте төмен, сын көтермес деңгейде қалғанын ашып айтты. Атап айтқанда,Шымкент қаласы әкімдігінің салалық басқармаларында бюджеттік тәртіпталаптарының орындалмауы салдарынан бірқатар жобалардың іске асырылу мерзімікейінге шегерілмек. Мәселен, биылғы жылға арналған бюджеттің атқарылуы барысындареспубликалық бюджеттен бөлінген қаражаттың 6458,2 млн. теңгесі ақтауғакелмейтін себептермен қысқартуға ұсынылған. Соның ішінде 5052 млн. теңгекөлеміндегі қаражат бюджет әкімшісі болып табылатын басқармалар тарапынанмемлекеттік сатып алу конкурстарын мерзімінен шектен тыс кеш өткізуі салдарынанқысқартылып отыр.

Басқарма басшыларының өздеріне жүктелген міндеттерді дұрыс атқармауы, қаржылық жоспарлауды талапқа сай жүргізбеуі, қала әкімінің салалық орынбасары тарапынан тиісті бақылаудың болмағаны салдарынан мемлекеттік сатып алу конкурстары жыл ортасына дейін созылған.

Жұмыстың тиімді бағыттары белгіленбеуі, салалық басқарма тарапынан қолға алынған жобалардың қадағалаудың жоқтығынан жүйелі іске асырылмауы, шаһардың солтүстік-батыс бөлігіне жүргізілуі тиіс инженерлік-инфрақұрылымдарды дамыту жобасына қаралған барлығы 1 116,9 млн. теңгенің 522 млн. теңгесі қысқартуға жолданған. Оған басты себеп – 16 кредитті тұрғын үйдің құрылысын 2020 жылы аяқтау жоспарланған. Яғни, бюджеттік жоспар жыл басында дұрыс түзілмеген.

Кері қайтуы тиіс республикалық қаражат есебінде Шымкент қаласының білім саласы бойынша 2410,1 млн. теңге қысқартуға ұсынылған. Мұның да басты себебі – мемлекеттік сатып алу конкурстарының мерзімінен кеш өтуі. Салалық басқарманың салғырттығынан қаладағы №23 мектеп қосымша ғимаратсыз қалса, «Асар-2» шағынауданының тұрғындары 1200 орындық жаңа мектептен қағылды. Бұл жобаларды жүзеге асыру мерзімдері кейінге шегерілмек.

Осы және өзге де бюджеттік сала түйткілдерін сын тезіне алған қала басшысы бұдан былай бюджеттік өтінімге енген әрбір жоба бойынша басқарма басшылары жеке-дара жауап беретінін қадап айтып, қала әкімінің салалық орынбасарына бюджетті орындау тәртібін жеке бақылауына алуды тапсырды.

«Әділет-ақпарат».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *