ОТЫРАРДАҒЫ «АЛТЫН КҮЗ – 2019» МЕРЕКЕСІ

Қоғам
1 373 Views

Міне, сары күздің салқын самалы да сезілді. Барша ағайын қысқы мал-жанының азық-қорегін қамдау үстінде. Әдетте, қысқа қарбаласдайындықпен қатар жүретін күздің өз мерекесі еш ұмыт болып қалған емес. Ырысмол болсын, алған өсім-өніміміз берекелі болғай деп еңбектене тер төгіп тапқаннесібемізге қанағатшылдық танытып, шүкіршілік жасап, тәубешілдіктен арылмағанхалықтың бірі екеніміз рас. Бәлкім, осы бір барға қанағат жасауымыздан боларбарымызды бағалап, әр жылдың күз мезгілін мерекелеп өткізу ертеден қалыптасқанүрдіске айналған. Сол үрдістің жалғасы іспеттес Отырар ауданының орталықалаңында «Алтын күз – 2019» мерекесі үлкен деңгейде аталып өтті.

Отырар ауданының орталығына жиналған жұрттың қарасы көп. Алтын күз деп түрлі азық-түліктерін ұсынған аудандық мекемелер, білім ошақтары, ауылдықокругтер орталық алаңды жайнатып қойған. Ауданға қарасты 13 ауылдық округтенкелген шаруалар бұл күні азық-түлік тауарларын жергілікті нарықтан 15-20 пайызтөмен бағада саудалап, тұрғындарға ұсынды. Жәрмеңкеде 5 тонна ұн, 3 тоннакартоп, 2 тонна пияз, 1,5 тонна сәбіз секілді бақша дақылдарымен қатар ауданныңерекше сұранысқа ие өзіндік айрықша тауары – қымыран өнімдері мен қауыннанжасалған «қауын қақ», «қауынқұрт» және ет өнімдері, сондай-ақ тары, талқан,құрт, ірімшік сынды тауарлар тұрғындар сұранысына ие болды.

«Алтын күз» мерекесінің құрметіне арналған салтанатты мерекеге жиналған аудан жұртшылығын мерекемен құттықтап, тілегін білдірген аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов:

– «Еліміз егемендігін алғаннан кейін мемлекет басшысы мен Үкіметтің арқасында мемлекетіміздің ауыл шарушылығы саласы өсіп, өркендеп, дамып келеді. Бұл үшін көптеген мемлекеттік бағдарламалар жасалып, осы бағытта тиісті жұмыстар атқарылуда. Бұл орайда ауданымыздың шаруалары егін және мал басын көбейту ісін ғылыммен ұштастыра отырып, бірқатар табыстарға қол жеткізді. Соның нәтижесінде ауданымызда мал басы өсіп, егістік жер көлемі ұлғайып, өнім алу көрсеткіші еселенді. Биылғы жылы ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласы үшін жемісті жыл болды», – деп айтулы күз мерекесін шаттыққа толтыра өткізіп, атсалысып, береке-бірліктің нышанын танытып отырған барлық мекеме ұжымдарына, ауылдық округтерге алғысын айтып, шағын кәсіпкерліктің күн сайын өркен жайып, жастарымыздың еңбекке белсене кірісіп, ел экономикасының қарқынды дамуына өз үлестерін қосып жатқанын ерекше атап өтті. Бұл күнгі мерекелік шара барысы əрмен қарай үш жақты келісімге сəйкес шаруашылықтың барлық салаларында жетістікке жеткен ауылдық округ əкімдері мен еңбек озаттарын марапаттауға ұласты. Сонымен «Алтын күз – 2019» мерекесінде ауыл шаруашылығының барлық көрсеткіштерін жоғары деңгейде орындаған Жаңа Шілік ауылдық округі бірінші орынға ие болса, екінші орын Маяқұм округі, ал үшінші орынға Көксарай ауылы лайық деп танылды. Сондай-ақ, шара барысында бір топ ауыл шаруашылық саласының өкілдері аудан әкімінің Алғыс хатымен, арнайы сертификаттармен және аудандық агрокешен қызметкерлері кәсіподағының «Елеулі еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталып, бағалы сыйлықтарға кенелді. Шаруалар қауымының шаттыққа толы мерекесі концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Сахнаға шыққан әр өнерпаз бар өнерін ортаға салумен болды. Ақ тілектер де тіленді, әуезді әндер шырқалды, би де биленді.

Иә, Әсеттей әуелеп, Шөжедей шешіліп, Кемпірбайдай көсілмесе де әр өнерпаз шама-шарқы жеткенше өнерін аянып қалған жоқ. Аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов ауыл шаруашылық техникаларымен асыл тұқымды ірі қара және ұсақ малдар қойылған көрмені тамашалап, мереке аясында ұйымдастырылған жәрмеңкені аралады. Жергілікті өнімдерге басымдық берген жәрмеңкеде көпшілікпен бірге аудан басшысы да сауда жасап, жергілікті бақша өнімдерін сатып алды.

«Отырар ауданы бойынша биыл 33 мың гектарға жуық егістік жер игерілсе, соның 11 мың гектар алқабы Отырардың брендіне айналған жүгері дақылына тиесілі. Бұл тұрғыда жүгері өнімділігін арттыруда жүйелі жұмыс жасап, жоғары нəтижеге қол жеткіздік. Отырар ауданында облыс тарапынан берілген барлық индикаторлар өз деңгейінде орындалуда. 9 айдың қорытындысы бойынша 14 млрд. 846 млн. теңгенің өнімдері өндіріліп, жоспар 104,5 пайызға орындалды. Бұған ауыл еңбеккерлерінің сіңірген еңбегі орасан», – деп мәлімдеді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Батырбек Сыздық.

Қалай десек те, «Алтын күз» мерекесі аудан мен ауылдық ағайынның ауызбіршілігімен, ынтымақты ырысымен өтті. Жыл он екі айда бір айналып келетін сары күздің аты сары болғанмен, заты ырыс, бірлікке, молшылыққа толы емес пе?! Ендеше, көңіл-күйіміз де солай болсыншы ұдайы.

А. БАҚЫТҚЫЗЫ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *