Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бөлек құрылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі қайта құрылымдалатын болады.
– Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ҚР Конституциялық заңының 17-1 және 19-баптарына, яғни 1995 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» заңға сәйкес ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігін бөліп алып, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган – ҚР Ұлттық банкін қайта құру туралы шешім қабылдады, – делінген Жарлықта.
Агенттік берілген функциялары мен өкілеттіктеріне сәйкес ҚР Ұлттық банктің құқықтары мен міндеттерін мұра етуші ретінде анықталды. Агенттіктегі штат саны – 547.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап өз күшіне енеді. Тек Жарлықтағы 2, 3-тармақтары және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін, бірақ ҚР Президенті әлі кейбір өзгерістер мен толықтырулар енгізуі тиіс 2-тармағын қоспағанда.
Жаңа мемлекеттік орган – Қазақстан Президентіне тікелей есеп беретін қаржы нарықтарын реттеу және дамыту жөніндегі Агенттігіне қаржы нарығын реттеу және дамыту, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау функцияларын беру ұсынылады. Агенттік мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылмақ. Еңбекақы төлеу жүйесін Қазақстан Үкіметі бекітеді, ал қызметшілердің мәртебесі Ұлттық банк қызметшілерінің мәртебесіне ұқсас болады.