ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТКЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Мерей
1 123 Views

2011 жылы тәуелсіздіктің 20 жылдығында еліміздің қол жеткізген жетістіктеріжан-жақты саралана келіп, 1 желтоқсанды Тұңғыш Президент күні ретінде атап өту белгіленген болатын. Тұңғыш Президент күні – Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің тарихында, қалыптасуы мен дамуы жолындағы елеулі орын алатын ерекше мереке. Ең алғаштаңдау жасап, жаңадан ту көтерген тәуелсіз мемлекеттің басшысын сайлауға қол жеткізген тарихи күн. Бұл сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың аңсаған,армандаған күні болатын. Тәуелсіз Қазақстанның тарихы дәл осы күннен бастауалды. Елбасының есімі – Егемендік, Тәуелсіздік, Қазақстан, Отан, Бірлік сияқтыұғымдармен қатар айтылып келеді. Сондай-ақ, бұл мереке Қазақстанның тәуелсіздаму жолындағы барлық жетістіктерінің айқын айғағы болып табылады.

Осыған орай, ҚР Ішкі істер министрінің имидждік жоспарына сәйкес ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан мемлекетін құрудағы, XXI ғасырда тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі ауқымды тарихи рөлін бұдан әрі нығайту мен насихаттау мақсатында Шымкент қаласының және Түркістан облысының “Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы” мемлекеттік мекемесінде салтанатты шара өтті. Оған Шымкент қаласы әкімдігі «Қоғамдық келісім» мекемесінің «Көпшілік іс-шаралар ұйымдастыру» бөлімінің басшысы Талғат Оразбекұлы Жанәділов арнайы қатысты.

Жиын мемлекеттік Әнұранымызды орындаумен басталды.

– Біз бұл мерекені бүкіл ел болып атап өтудеміз. Еліміздің тыныштығы мен ұлтаралық татулық және Тәуелсіздік жылдарында еліміздегі құқықтық тәртіпті қадағалаудағы жеткен жетістіктер Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасы. Елбасымызды қалай мадақтасақ та жарасады. Тәуелсіздік алған 28 жылдың ішінде елімізді көптеген стратегиялық жоспары мен сарабдал саясатының арқасында әлемнің алпауыт елдерінің қатарынан көрінуге бірден-бір ықпал еткен тұлға. Қазақ елін төрткүл әлемге таныту жолында аянбай еңбек етіп, күш-жігерін жұмсап келеді, – деді жиналған қызметкерлер алдында басқарма бастығы, полиция полковнигі Жамалбек Піртаев. Сонымен қатар айтулы мерекемен құттықтап, ақжарма тілегін білдірді.

Сондай-ақ жиында басқарма бастығының орынбасары, полиция полковнигі Сәкен Төлепбергеновтың баяндамасы тыңдалды.

Ол өз сөзінде: «Бұл Тәуелсіздік – басымызға қонған бақ. Күнтізбеге сәйкес биыл біз ҚР Тұңғыш Елбасы күнін сегізінші рет мерекелеп отырмыз. 2011 жылы ҚР Парламенті 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президенттің сайлануына қатысты осындай шешім қабылдаған болатын. Осылайша егемен еліміздегі мерекелер санына тиісті қосымша енгізу, ҚР Тұңғыш Президенті күні болып ресми белгіленсе, жалпы оның әлемде бар үрдіс болып табылатынын айрықша атап көрсеткеніміз орынды. Бұған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы, оның бірлігін қамтамасыз етуші, ел Конституциясының, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын қорғаушы ретіндегі рөлі негіз етіп алынған. Шын мәнінде Елбасымыздың елімізді аяғынан нық тұрғызып, әлемге танытудағы еңбегі ұшан теңіз. Іргелі идеялар нақты жобаларға айналып, Қазақстан – 2030 стратегиялық даму, «Мәдени мұра» индустриялық-инновациялық даму сынды бағдарламалары – ел болашағын айқындап, халық пен билікті жақындатты. Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы, «Ислам конференциясы» ұйымына Қазақстанның төрағалығымен Н.Ә.Назарбаевтың өлшеусіз еңбегі дәйектелді. Тарихтан сабақ ала отырып, тереңіне үңілген болжаудың дағдарысқа душар болған қоғамды алға жетелеудің бағыт-бағдары мен іс-әрекеттер жүйесін көрсеткен Елбасының салиқалы саясаты Қазақстанның гүлденуі жолдарын салып берді», – деп мерекенің маңыздылығын ашып көрсетті.

«Сіздерді Шымкент қаласының әкімі Ерлан Қуанышұлы Айтахановтың, Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Өздеріңізге белгілі Қазақстан халқы Ассамблеясы 1997 жылы құрылды. Оның төрағасы – ҚР Тұңғыш Президенті – Н.Ә.Назарбаев. Елімізде 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар тұрады. Олардың баршасы «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», ынтымақ, бірлікте тату-тәтті ғұмыр кешіп келеді. Өткен жылы көптен күткен тарихи оқиғаны бастан өткердік, яғни Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан облысы болып өзгертіліп, шырайлы шымқаламыз еліміздегі үшінші ірі республикалық маңызы бар қала мәртебесін алды. Бұл да осы Тұңғыш Президент – Елбасының арқасы. Шымкент қаласында 67,7 пайыз – қазақтар, 16,7 пайыз – өзбектер, 9,1 пайыз – орыстар, 6,5 пайыз басқа этнос өкілдері мекен етеді. Осыған байланысты бұрынғы Қазақстан кинотеатры ғимаратының орнынан Елбасының бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Оның алдында Елбасының өзі ашып берген «Қазақстан халқына мың алғыс» атты ескерткіш орналасқан. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, әлемдік аренадағы мемлекетіміздің жоғары мәртебеге ие болуы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты», – деді сөз алған салтанатты жиынның қадірлі қонағы Талғат Жанәділов.

Шымкенттік тәртіп сақшылар биылғы жылы қызметте жақсы жетістіктерге қол жеткізді. Сондай-ақ, Ж.Піртаев Ішкі істер министрінің бұйрығымен Жұпаргүл Сырбаеваға полиция подполковнигі арнайы шенін табыс етті. Осы айтулы күні адал қызметі мен қызметте көрсеткен жоғарғы көрсеткіштері үшін «Құрмет» грамотасын Сержан Әбдірашитов және ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай стратегиялық аса маңызды мемлекеттік экономика саласындағы стратегиялық маңызы бар нысандардың күзетілуін күшейтіп, мекемедегі әскери тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтап, кәсіби шеберлік танытып, адал қызмет атқарғаны үшін полиция майоры Жантуар Есетов, полиция аға-лейтенанты Олжас Жабай, полиция аға сержанты Бекзат Сауырбаев, Елена Жарқынбаева, Сұлтанбай Сауранбай, Бақтияр Сейдулла, Әлібек Махамбет, Махамбетәлі Дүйсенбек, полиция старшинасы Сержан Қарабай, полиция сержанты Бексұлтан Жамантайды басқарма бастығы, полиция полковнигі Жамалбек Піртаев марапаттады. Сонымен қатар 12 қызметкерге алғыс жарияланды.

«Елбасы қолдауының арқасында қазіргі күні тәртіп сақшыларының қызметтік міндеттерін адал орындауларына барлық жағдай жасалған. Сол себепті әрбір қызметкер қоғамдық тәртіпті сақтауға бар күш-жігерін жұмсауы қажет, – деген ойын білдірді ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарылқап Ахметов.

Іс-шара соңында күмбірлеген домбыраның үнімен әуезді ән шырқалып, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы жолында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи рөлін насихаттау бойынша өмірі мен қызметіне арналған фотокөрме жеке құрам назарларына ұсынылды.

Айта кетейік, бір адамды құтқарып, екінші адамға қол­ұшын берудің өзі үлкен сауапты іс десек, полицейлер күнделікті қаншама адамды қауіп-қатерден құтқарады десеңізші. Шындап келгенде, тәулік бойы ұйықтамай қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен тыныштығын күзететін бұл саланың қызметін қайырымдылыққа жатқызуға әбден болады. Ендеше, олардың жауапты қызметтегі әрбір істеріне сәттілік дейміз!

А. СӘКЕНҚЫЗЫ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *