Адам еңбекқор болып, өз кәсібін жақсы меңгергенде және лайықты жалақы алуға немесе жеке кәсіпашып, оны дамытуға мүмкіндік болған кезде табыс артады.
Н.Ә.НАЗАРБАЕВ.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев жыл сайын Қазақстан халқына өз Жолдауын арнап, тәуелсіз Қазақстанның дамуының басты бағыттарын белгілеп келеді. Соның нәтижесінде еліміз дамыған елдердің алдыңғы қатарына ену мақсатында үлкен жұмыстар атқаруда.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті Жолдауының негізгі өзегі бұл жолы да барша қазақстандықтардың әлеуетін арттыру, тұрмысын жақсарту – еліміздің экономикасын жан-жақты дамытудың жаңа формасын қалыптастыруға бағытталған болатын.
Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес әр жылдардағы әлемдік қаржылық дағдарыс жағдайларына қарамастан Қазақстанда бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақыларын, жалпылай алғанда халықтың әлеуметтік топтарына берілетін зейнетақы мен төлемдерін жыл сайын арттырып отыр.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қай Жолдауын алып қарасақ та халықтың тұрмысын жақсартып, ел экономикасын көтерумен қатар жастардың жұмыспен қамтылуына баса назар аударатынын көреміз. Жыл сайынғы дәстүрлі халыққа арналған Жолдауы – еліміздің барлық тұрғындарының асыға күтетін саяси-әлеуметтік маңызды оқиғаларының бірі. Оның басты себебі – Жолдауда Президент мемлекет үшін аса маңызды, экономикаға ауадай қажет, халық тұрмысын жақсартуда кезек күттірмес мәселелерді айқындап береді.
Халқымыздың әрбір азаматы салауатты өмір сүру үшін оның тұратын баспанасы қолайлы әрі қолжетімді болуы мақсатында жүзеге асырылып жатқан тұрғын үй бағдарламаларының да одан әрі жетілдіріліп, Жолдау сайын айтылып, пысықталып отыратыны белгілі. Бұл да халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға тікелей әсер ететін шешуші факторлардың бірі.
«Мен әрбір Жолдауымда халықтың әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс сапасын жақсартуға ерекше мән беріп келемін. Қазіргі «7-20-25», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», тағы басқа да мемлекеттік бағдарламалардың басты мақсаты – халқымыздың тұрмыс сапасын жақсарту. Қазақстанның бағындыратын биіктері әлі алда.Осы жолда халық сенімі рухымызды жігерлендіріп, бойымызға күш-қайрат дарытады. Сол сенімді ақтаудан артық мұрат жоқ!», – деді Елбасы.
Қазіргі сан құбылған әлемдік саясаттың елімізге ықпалы мен қатаң нарық заңына негізделген ел экономикасын күрделі жағдайда шайқалтпай ұстап тұруға Елбасы жасаған Жолдауда көрсетіліп отырған жоспар аса қажет және маңызды шара. Елдің ішкі өнімін арттыру мен агросектор саласы, қазақстандық тауарларды өндіру және қолданысқа енгізу, ел экономикасының тұрақты дамытудың басты формуласы.
Жолдаудың басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыруға қол жеткізу болып табылады. Жолдауда қозғалған мәселенің бірі – отандық өндірістің өркендеп, бәсекеге қабілеттіліктің дамуына баса назар аудару. Ел экономикасының даму ісінде отандық кәсіпкерлер орасан рөл атқарады. Бірінші кезекте өзімізден шығатын киім, тағам, тұтынатын заттардың сапасын жоғарылатып, өзге елдерге жалтақтамауымыз керек. Осы орайда кәсіпкерлерге бәсекеге қабілеттіліктің дамуына зор күш салу керектігін ескертті. Тауар неғұрлым өзімізде көп өндірілсе, соғұрлым ешкімге тәуелді болмайтынымыз белгілі. Елбасы халық табысының өсу көрсеткіштері мен осы бағытта жасалған жұмыстарды саралап, бұл үдерістердің әрдайым Үкімет назарында болуы тиістігін атап айтқан болатын.
Жолдауды Қазақстан халқына қызмет ететін, оның әлемдік мемлекеттер арасында бәсекеге қабілетін күшейтетін тарихи маңызы бар құжат деп бағалаймыз. Себебі, Елбасымыз Үкіметке жүктеген әрбір тапсырмасы ел үшін тағдырлық маңызы бар дамудың тынысын ашатын салаларды қамтиды. Жолдау барлық Қазақстан қоғамын жаңартуды қамтамасыз ететін жаңа экономикалық саясатқа негіз болады.
Биылғы наурыз айында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұсынысымен Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Мемлекет басшысы міндетін атқарушы болып тағайындалған еді. 9 Маусымда өткен Президент сайлауында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Егемен Еліміздің Президенті болып сайланды. Ол Тұңғыш Елбасының ұстанымын одан әрі нық сеніммен жалғастырып келеді. 2 қыркүйекте Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты өзінің алғашқы Жолдауында :
«Біз өз жұмысымызда Елбасы ұсынған Бес институционалды реформа мен Ұлт Жоспарын толыққанды жүзеге асыру қажеттігін басты назарда ұстауымыз керек.
Елбасымыздың бастамасымен құрылған Жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссияның жұмысын қайта жандандыру қажет», – деген болатын.
Жолдаудың негізгі бағыттары бұған дейін Елбасы ұсынған Қазақстан 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясына және Ұлт Жоспарына сәйкес бірқатар құрылымдық міндеттерді іске асыруға бағытталғанын, сонымен қатар білім беру сапасын жақсартуға аса мән берілгенін, келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өсетінін айтып, білім беру сапасын жақсартуға жете мән беруі жөнінде атай отырып, осы Жолдаудағы міндеттерді орындау ҚР-ның экономикалық, индустриялық және рухани дамуына үлкен септігін тигізетінін жеткізді.«Қазақстан-2050» стратегиясы, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары елімізді жаңғыртуға, Қазақстанның экономикалық әлеуетін одан әрі нығайтуға бағытталған.
«Елбасының беделді пікірі стратегиялық сипаттағы шешімдерді әзірлеу және қабылдау барысында басым мәнге ие болады деп айтуға болады. Осылайша біз билікті бейбіт жағдайда жүзеге асырамыз. Бұл ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етудің және Қазақстанның халықаралық беделін нығайтудың қуатты факторы болмақ. Сондай-ақ бұл біздің халқымыздың жоғары саяси мәдениетінің, оның айрықша даналығының тағы бір көрінісі. Болашақ ұрпақ үшін де бұл жақсы үлгі»,– деді Қазақстан Республикасының Президенті Тоқаев өз сөзінде.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастап берген саясатын ары қарай Қасым-Жомарт Кемелұлы жалғастыратынына сеніміміз мол.
Президенттің Жолдауы оның әлемдік үрдістерді, қайшылықтар, қауіптер мен катаклизмдерді терең түсінетін сұңғыла мемлекеттік қайраткер. Жасалған Жолдаулар өз бағытымен іске асырылса әлі талай белестерді бағындырарымыз анық. Барша қазақстандықтардың жағдайын жақсартып, әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік өзгерістердің кешенді бағдарламасы десек те болғандай. Ең бастысы – елге бірлік пен ынтымақ керек. Елбасы айтқандай, бірлескен күш-жігеріміздің арқасында ғана біз ұлы асуларды бағындыра аламыз!
Нұрлан СЕРІКОВ,
Шымкент қаласы Еңбекші аудандық аумақтық сот орындаушылар бөлімінің басшысы,
аға сот орындаушысының міндетін атқарушы.