Мұрат ӘЙТЕНОВ, Шымкент қаласының әкімі: «ЖУРНАЛИСТЕРМЕН ЖҰМЫЛА ЖҰМЫС ЖАСАЙМЫЗ!»
Кеше Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов мырза Оңтүстік өңірінің журналистер қауымы өкілдерімен кездесу өткізді.
Тағайындалғанына енді ғана 10 күн болған қала басшысы сенбі, жексенбі демей қаладағы барлық маңызды объектілерді түгел аралап шығып, әр сала бойынша жұмыстың барысымен етене танысып шыққаны баршаға белгілі.
Өз кезегінде бұл кездесуде журналистерге де уақыт бөліп, қаламгерлердің ұсынысы мен ой толғанысын мұқият тыңдады. Алдағы уақытта БАҚ өкілдерімен тығыз қарым қатынаста жұмыла жұмыс жасап, қаладағы қордаланған келелі проблемаларды бірге шешетінін айрықша атап өтті. Бас қосуда республикалық газет, телевидение, сайтта қызмет ететін журналистер қауымы өз көкейінде жүрген толғаныстарымен толымды бөлісті. Жиында маңызды мәселелер ортаға салынып, талқыланды да. Билік пен халық ортасында алтын көпір аманатын адал атқарып жүрген журналистер өз ризашылығын білдіріп тарасты.
«Әділет – ақпарат»
Фото авторы Самат МЫРЗАЛИЕВ