ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ ҚАУПІ ҮЛКЕН

Қоғам Құқық
955 Views

Бәйдібек ауданында орналасқан жалпы орта мектептердің жоғары сынып оқушылары және ата-аналар арасында аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің тарапынан«Нашақорлыққа жол жоқ. Діни экстремизмнің қаупі үлкен» атты тақырыпта кездесуұйымдастырылды. Кездесу білім ошақтарының мәжіліс залында өтті. Жиналысқажиылған оқушылар ата-аналарының қатысуымен полицейлер мен имамның айтқан түрлімәліметтері мен дәйек-деректеріне мән берді. Сонымен қатар кәмелет жасынатолмағандар туралы түрлі өмірлік тәжірибелерімен, ақыл-кеңестерімен бөлісті.Оған қоса әрбір қатысушының пікірі мен ойы тыңдалды.

Мәселен, Бәйдібек ауданының бас имамы, теолог Ұлықбек Алиакбарұлы сенім бостандығы, дін мен діл, Ислам дінінің шығу тарихы туралы кеңінен айта отырып, дәстүрлі дінімізді кері ағымдағы діндермен шатастырмау, сонымен қатар оларды дер кезінде ажырата білу жолдарын түсіндірді. Себебі, бүгінгі таңда баршаға мәлім экстремизм мен терроризм – өткір тұрған мәселелердің қатарында. Оған қоса әлеуметтік желілер арқылы дінді бұрмалап, қылмысқа итермелейтін порталдар мен жалған тұлғалар да кездеседі. Сондықтан келелі кездесуде имамдар мен полицейлер Ислам дінінің атын жамылған жалған секталардан абай болып, қылмысқа жол бермеуге, ешнәрсенің анық қанығына көз жеткізбей шешім қабылдамауға кеңес берді.

Жиналыс барысында қонақтар мен ұйымдастырушыларға түрлі сұрақтар қойылып, оқушылар мен ата-аналар тиісінше жауап алды. Кездесу соңында мектеп ұжымы полиция мен мешіт қызметкерлеріне өз ризашылықтарын білдірді.

Айта кететін жайт, мұндай кездесулер тәртіп сақшылары тарапынан жиі ұйымдастырылып тұрады. Себебі полицейлер қылмысты анықтағаннан гөрі оның алдын алған өте тиімді екенін айтуда. Жалпы ұстаздар мен мектеп инспекторларынан бөлек ата-аналардың да мектеп қабырғасындағы баланың тіршілігіне мән бергені дұрыс. Әрбір оқушы отбасынан бөлек уақытының біршамасын білім ошағында, ұстаздар мен достарының ортасында өткізеді. Сондықтан оқушыға қатысты кез келген нәрсеге дер кезінде көңіл бөлген жөн. Өйткені бүгінгі ұрпақ – еліміздің ертеңгі болашағы.

Гүлнар АБДУРАХМАНҚЫЗЫ,

Түркістан облысы полиция департаменті

баспасөз қызметінің өкілі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *