МАРАТ АЛИХАНОВ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ

Қоғам Құқық
1 949 Views

Мемлекет басшысының келісіміне сәйкес, ҚР Бас Прокурорының бұйрығымен Марат Тілеуқабылұлы Алиханов Түркістан облысының прокуроры қызметіне тағайындалды. ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Берік Асылов өңір активіне Түркістаноблысының жаңа прокурорын таныстырды.

Марат Алиханов Целиноград қазіргі Ақмола облысының Есіл қаласында 1965 жылы дүниеге келген. Ебіней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын1989 жылы Ақтөбе қалалық прокуратурасында тағылымдамашы-тергеуші қызметіненбастаған. Ақсу ауданының соты, Павлодар облысының Екібастұз ауданы, Ақсу қаласымен Павлодар ауданының прокуроры қызметін атқарған. Прокуратура органдарындатәжірибесі мол, соның ішінде басшылық лауазымдарда. ҚР Бас прокуратураның Басқарма мен Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіндежәне Ақмола облысында құқық қорғау органдарының басшылық құрамында, ҚР Баскөлік прокуроры болып қызмет атқарған.

Осы күнге дейін Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары лауазымында қызмет етті. Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 24 жылдан асады.

Қоғамдық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету қызметінде қол жеткізген табыстары мен ерен еңбегі үшін Мемлекет басшысының бұйрығымен ІІ дәрежелі “Айбын” орденімен, “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 20 жыл” және “Қазақстан Конституциясына – 10 жыл” толуына орай шығарылған мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

«Әділет-ақпарат».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *