ПОЛИЦЕЙЛЕР ЕСЕП БЕРУДЕ

Қоғам Құқық
935 Views

Түлкібас аудандық полиция бөлімінің басшылығы өткен жылы атқарған ауқымды жұмыстарыменбөлісті.

Түлкібас АПБ басшылығы халықпен кездесу жиынын ұйымдастырды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша өткізілген есеп беруге Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты Жедел криминалистика басқармасының бастығы полиция полковнигі Ержан Танкеев, аудан әкімі Нұрбол Әбдісаттарұлы Тұрашбеков, мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясының хатшысы, аудан тұрғындары мен полиция құрылымдарының басшылары қатысты.

Түлкібасаудандық полиция бөлімі басшысының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Мұрат Әбілханұлы өз баяндамасында, қарапайым ауыл тұрғындарының негізгікүнкөріс көзіне айналған мал ұрлығына кеңірек тоқталды.

– Мал ұрлығының алдын алу мақсатында Түлкібас АПБ қызметкерлерінің тарапынан ҚР ІІМ-нің «Ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған бағдарламасына» сәйкес Түлкібас ауданы аумағында іске асыру бағытында нақты профилактикалық жұмыстарын сонымен қатар түнгі рейдтік іс-шаралар, тосқауыл және бақташылармен үш жақты келісімшарт жүзеге асырудың нәтижесінде мал ұрлық қылмыстары төмендеп отыр, – деді полиция подполковнигі Мұрат Әбілханұлы.

Сонымен қатар отбасылық тұрмысы төмен, аз қамтылған және жалғызілікті аналарға қамқорлықжасау мақсатында бірнеше ай ішінде полиция қызметкерлері өз қаражаттарынақажетті деген азық-түлік пен заттарды тарту еткен. Басшының айтуы бойыншамұндай игі шаралар алдағы кезде де жалғасын таба беретін болады. Мерекелер қарсаңында балаларға базарлық, балаларды оңалту орталықтарына сый-сияпаттар табыстау дәстүрлі түрде өткізіліп тұратынын атап өтті.

Өз кезегінде полицейлердің қамқорлығына бөленген тұрғындар шынайы алғыстарын жеткізді. Жалпы, кездесу соңында аудандық полиция бөлімінің басшылығы жергілікті тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, көкейтесті мәселелерін кеңінен талқылады. Қарапайым халықтың полиция басшысына қойылған сұрақтарына дер кезінде жауап беріліп, кейбір мәселелер жуырда шешімін табатынына уәде етілді.

Гүлнар АБДУРАХМАНҚЫЗЫ,

Түркістан облысы полиция департаменті

баспасөз қызметінің өкілі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *