DELPHI БАҒДАРЛАМАЛАУ ОРТАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

Білім
2 749 Views

Borland корпорациясы қысқа мерзім ішінде Delphi7-нің негізгі версиялары мен бірнеше модификацияларын шығарды. Delphi 7 версиясында өте көп өзгерістер енгізілген.Бағдарламамен қамтамасыз етудің тиімді өңдеу құралдарын қажет ету “жылдам жасау” ортасы деп аталатын бағдарламалау жүйелерінің пайда болуына алыпкелді.Мұндай ортаға мысал ретінде Borland Delphi-ді келтіре аламыз.

Әлемдегі миллиондаған бағдарламалаушылар Delphi-де жұмыс жасайды және олардың көбісі Delphi-де мәліметтерді өңдеуге және сақтауға арналған бағдарламалар құрады. Күнбе-күн коммерциялық және жеке мәліметтерді санамағанда (адам аттары, мекен-жайлар, есепшоттар) визуальды интерфейс көмегімен жұмыс істеу керек болатын көптеген ақпараттар бар: дыбыс файлдары, бейне көріністер, Web-парақшалары және тағы басқалар. Осындай көптеген ақпарат арасында өзімізге керекті мәліметтерді алу үшін оларды өңдейтін бағдарламалар қажет.

Бағдарлама құруға ыңғайлы тамаша ортаның бірі – Delphi ортасы таңдап алынды. Оны оқып-үйрену, түсіну және логикалық ойлауға өте қарапайым әрі жеңіл. Delphi бағдарламалаудың құрылымдылық тәртібін және бағдарламалаудың басқа тілдерге қарағанда жалпы жақсы дамыған. Оның қызықты рекурсивті мүмкіндіктері, сонымен қатар қызықты есептер шығару мүмкіндіктері бар.

Delphi типті жүйені тез және визуалды құру ортасы деп атайды. Себебі ол өзіне компилятормен қоса редактор және көптеген дайын бағдарламалар жиынтығын қамтиды. Delphi-де шамамен 500-ге жуық дайын компоненттер бар. Delphi-де бағдарлама құру жақсы жабдықталған компьютерді қажет етеді.

Delphi тілі объектілі – бағытталған Object Pascal тілінің жалғасы. Delphi-ге InterBase локальді SQL сервері, есеп беру генераторлары, визуальді компоненттің және информациялық жүйені немесе Windows ортасының қарапайым бағдарламаларын кәсіби өндеуде өзіңді сенімді сезіну үшін арналған тағы басқа құрылғылар жатады.

Delphi 7 ерекшелігі: көптеген Delphi 7-да құрылған бағдарламалар негізінен өндіріс және бизнес есептерін шешуге бағытталған. Бұл мәлімметтер қорымен және есеп беру жұмыстары басты шешілу керек есептер.

Жоғарыда айтылғандай бизнеспен және өндіріспен тығыз байланысты болғандықтан қолданушылар Delphi 7-дан өздерінің есептерін шешу үшін мінсіз көмекші құрал тапты. Delphi 7-дің VisualBasic және C++ сияқты қолданушы интерфейсі бар. Қазіргі кезде көптеген фирмалар бағдарлама интерфейсінің стандарты ретінде қабылдады. Қолданушы интерфейсі визуалды құрылатын болғандықтан, Delphi ортасында бағдарламалауды тез бағдарлама құру ортасы делінеді.

Delphi 7-да басқа да қазіргі программалау ортасы сияқты объектілі бағытталған бағдарламаларға негізделген. Бағдарлама құру барысында дайын компоненттерді, олардың қасиетін, әдістерін және алдын ала анықталған оқиғаларды пайдалану арқылы аз ғана бағдарлама кодымен айналып өтуге болады. Бағдарлама құрушыға бұл өзінің бағдарламасының қолданушы интерфейсін құру барысында көп уақытты үнемдеуді білдіреді.

Delphi 7 қолданушыға өте ыңғайлы, тез бағдарлама құруға мүмкіндік береді. Бұл ортаның құрал-саймандары өте көп және керек кезінде актив элемент үшін F1 пернесін басу арқылы көмек алуға болады.

Delphi әртүрлі бағдарламаларды құруға мүмкіндік береді: қарапайым бір терезелі қосымшалардан тармақталған дерекқорларды басқару бағдарламаларына дейін. Delphi-дің ұлғайтылған мүмкіндіктері графикпен, мультимедиямен, дереккөз жұмыс істейтін және динамикалық құрылымдармен қосымшаларды құруға мүмкіндік береді. Delphi-дің айрықша ерекшелігі – NET технологиясының сүйемелдеуі. Delphi бағдарламасы арқылы көптеген бағдарлама жасалды. Мысалы, Total Commander, Skype, The Bat!, PopTray, FeedDemon., MySQL Tools, IBExpert.Altium Designer, Light Alloy, The KMPlayer, Aimp, FastStone Image Viewer, FuturixImager, тағы басқа бағдарламалар жасалды.

Эльмира ЕДИЛБАЕВА,

Шымкент политехникалық колледжі

информатика пәнінің оқытушысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *