ТАУ ӨЗЕНІНДЕЙ ТАЗАСЫЗ

Мерей
801 Views

Тау өзеніндей тазасыз,

Қайыңмен өскен жағада.

Қол ұшын беріп әрқашан

Ақылын айтқан жан аға.

Жаныңа жиып жақсыны,

Жүргенің өзі – бір мерей.

Арпалысы мол өмірде

Жүргенің ғажап кірлемей.

Көлеңке жоққа сая боп,

Тоңғанға жылу бересің.

Сөз теңізінде шаршамай

Жүздірдің ойдың кемесін.

Ардақтап әлі келесің,

Жамбылдай жырдың жебесін.

Жүз жаса аға Жамбылдай

Әруағы дәйім жебесін.

Көнере берсін ай, жылдар,

Жазылсын кітап жаңасы.

Желіп өтіңіз жетпістен

Қадірлі Елдің ағасы!!!

Мағиза ҚҰНАПИЯҚЫЗЫ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *