АҒА МЕН ІНІ

Мерей
1 233 Views

Аласы көп, қазақтың қарасы көп,

Сізді аңсаймын Алаштың ағасы деп.

Ұзынағаш жеріне іздеп келіп,

Ұлық ұлы қайда деп НАҒАШЫБЕК.

Інілерің іздейтін күзде екшелсе,

Тырналардай тыраулап тізбектелсе…

Төр елің боп төріңді ұсынасың,

Өр еліңнен бір інің іздеп келсе!

Бағалайтын еліңе бағаң бар көп,

Саңлақтар бар артыңнан саған да ермек,

Алаңдаумен іздеймін өзіңізді,

Алатауда Сіздей бір ағам бар деп!

Қол жеткізіп ғұмырда ізгі арманға,

Аяңдаумен келесіз күз-жалғанда…

Біздер жалғыз болмаймыз мына өмірде

Інілерін іздейтін Сіздер барда!

Кәдірбек ҚҰНЫПИЯҰЛЫ,

ақын.

Нұр-Сұлтан қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *