Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлері талқылады. Жыл сайын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кезекті Жолдауын асыға күтеміз. Президент әр Жолдауында алдағы жұмыс ауқымын белгілеп береді. Былтыр руханият мәселесін тереңінен қозғап, ұлттық кодымызды жаңғыртуға орай міндеттер жүктесе, биыл Қазақстандағы жарқын болашаққа жетелейтін нақты 10 бағытты атап көрсетті. Елбасының осы кезге дейінгі алға қойған мақсат-міндеттері ойдағыдай жүзеге асырылуда. Бұдан бұрынғы «Қазақстан — 2050 стратегиясы», «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айтылған ойларын негіздеп, нақтылай түскен.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының ТӨРТІНШІ. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.
«Бүгінде Қазақстан арқылы бірнеше трансконтиненталды коридор өтеді. Бұл туралы көп айтылды. Жалпы, Қазақстан арқылы өткен жүк транзиті 2017 жылы 17 процентке өсіп, 17 миллион тоннаға жуықтады. Транзиттен түсетін жыл сайынғы табысты 2020 жылы 5 миллиард долларға жеткізу міндеті тұр. Бұл инфрақұрылымға жұмсалған мемлекет қаражатын тез арада қайтаруға мүмкіндік береді. Жүк қозғалысын онлайн режимінде бақылап, олардың кедергісіз тасымалдануы үшін және кедендік операцияларды жеңілдету мақсатымен блокчейн сияқты цифрлық технологиялардың ауқымды түрде енгізілуін қамтамасыз ету қажет» – деп атап көрсетілген құжатта.
«Жолдаудың 9-бағытында: Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі. Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса береді. Көп жұмыс істеліп жатыр. Соңғы 3 жылда ғана жоғары лауазымды шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың басшыларын қоса алғанда, жемқорлық үшін 2,5 мыңнан астам адам сотталды. Осы уақыт ішінде олардың 17 миллиард теңге көлемінде келтірген залалы өтелді. Мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңызды болып саналады. Атап айтқанда, азаматтар өз өтініштерінің қалай қарастырылып жатқанын көріп, дер кезінде сапалы жауап алуға тиіс. Сот және құқық қорғау жүйелерін институционалды тұрғыдан өзгерту жүзеге асырылуда. Заңнамаға қылмыстық процестегі азаматтардың құқықтарын қорғау ісін күшейтуді, оның әсіре қатаңдығын бәсеңдетуді көздейтін нормалар енгізілді. Адвокаттардың құқықтары мен сотқа дейінгі сатыдағы сот бақылауының аясы кеңейді. Құқық қорғау органдарының өкілеттігі мен жауапкершілік шегі айқындалды. Азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажет. Қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында көшелерде және адам көп жиналатын қоғамдық орындарда бейнебақылау жүргізетін, азаматтарды анықтайтын және жол қозғалысын қадағалайтын интеллектуалды жүйелерді белсенді түрде енгізу керек» – деп түсіндірді Нұрсұлтан Әбішұлы.
Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауда нақты дерек-дәйектерді алға тартып, еліміз бір орнында тұрып қалмас үшін жаңа бағытқа қадам бастады. Мемлекеттік кірістер органдары да осы бағыттағы жұмыстан қалыс қалмайды.
Бүгінде қызметшілер арасында сыбайластықтың алдын алу, оның көріністерін болдырмау, басқа мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен текетірестікке жол бермеу және Әдеп кодексін қатаң сақтау арқылы тұрғындар арасында мемлекеттік кірістер органының беделін түсірмеу және сенімділікті жоймау, салық кодексі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларының өзгерістерін кеңінен насихаттау, салықтық қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін бұзбай орындау мақсатында ісшаралар жүргізілуде.
Жолдау – елдің алдына қойылған үлкен стратегиялық бағдарлама. Азаматтардың әл-ауқатын арттыратын маңызды қадам. Нұрсұлтан Әбішұлы төртінші кезеңдегі жаңа бағыттарды, олардың жүзеге асу жолдарын белгіледі. Біз сол жолдан таймай, Жолдау талаптарын орындауға бар күш-жігерімізді салуға әзірміз.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу – жеке және мемлекеттік мүдделерді реттей отырып, жалпы қоғам болып жүзеге асыратын өте жауапты да, маңызды шара болып табылатындықтан, барлығымыз Елбасымыздың сыбайлас жемқорлықпен күресудегі алға қойған міндеттерін жүзеге асыру әрбір азаматтың борышы және өз тарапымыздан бар күш-жігерімізді салуға шақырамын.
Мирхан ЕГІЗБАЕВ,
Ордабасы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы