Түркістан облысында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдықдиалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын жүзегеасыру жолында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Өңірде «Жұмыспен қамтудың Жолкартасы» шеңберінде іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалар ауқымды.Жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу және жұмыссыз қалған азаматтардыжұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан РеспубликасыПремьер-министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №55-Ө өкімімен «Жұмыспен қамтудың2020 — 2021 жылдарға арналған Жол картасы» бекітілген. Көрсетілген мақсаттарғақол жеткізу үшін «Жол картасында» мынадай бағыттарда инфрақұрылымдық жобалардыіске асыру көзделген:
1) әлеуметтік-мәдениет нысандарын жөндеу;
2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу;
3) инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау;
4) елді мекендерді абаттандыру.
Облыста 460 инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға 98 674 млн.теңге қаралған.460 жобаны іске асыру барысында 24 925 уақытша жұмыс орындары ашу көзделген. Сонымен қатар жобаларды пайдалануға берілгеннен кейін 2 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындары құрылатын болады. Инфрақұрылымдық жобаларға 12 мыңнан астам жұмыссыз жұмыспен қамтылатыны болжануда. Олардың жалақысы 85 мың теңгеден кем болмау керек екені ескертілді. 2020 жылғы 11 мамырдағы жағдаймен облыс бойынша 460 нысанның 411-і бойынша сатып алудың қорытындысы рәсімделген. 168 нысан бойынша құрылыс жұмыстары басталған. Жұмыс басталған инфрақұрылымдық жобалар бойынша 6251 жұмыс орындары ашылған. Соның ішінде 2,5 мыңнан аса жұмыссыздар тартылған. Жөндеу және техникалық қызмет көрсету, қайта құру бойынша инфрақұрылымдық жобалар күзге дейін, ал жаңа нысандарды салу мерзімі жыл соңына дейін жүзеге асырылатын болады.
Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру жолында аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша да жүйелі жұмыс жүргізілуде. 2020 жылдың 1 мамырына 21,2 мың отбасы немесе 119,5 мың адам 5,4 млрд.теңгеге атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) алған, олардың 44 пайызы көпбалалы отбасылар (58468 отбасы). Біржолғы төленген атаулы әлеуметтік көмектің арқасында 28 отбасы өз ісін ашып, табысын арттыруға мүмкіндік алған. 6986 жұмыссыз азамат АӘК аясында жұмыспен қамтылған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың наурыз айында облыста АӘК алушылар болып табылатын 1 жастан 6 жасқа дейінгі 28 764 балаға 551,6 млн. теңгеге азық-түлік және гигиеналық жиынтық берілген. Төтенше жағдайға байланысты белгіленген санаттардағы 36,5 мың адамға азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтармен қамтамасыз ету бойынша өтемақы ретінде 1045,9 млн.теңге төленген.