«ТҰҒЫРЫ БИІК ТҰЛҒАЛАР»

Руханият Тұлға
1 211 Views

Тарихшы, заңгер, публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі Ғани Ментайұлы Кариннің «Тұғыры биік тұлғалар» атты кітабыжарық көрді. Жаңа туынды Алматыдағы «Қазығұрт» баспасынан 1000 данамен шыққан. Көпшілік оқырман қауымға арналған бұл кітаптың бірінші бөлімінде халқын қадірлеген, халқы қадірлеген таутұлға Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев, «Қазақ мұнайының атасы» атанған Сафи Өтебаев, «Исі қазақтың Иманғалиы» атанғанИманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов, нақты істің адамы Несіпқали ӘбуғалиұлыМарабаев, белгілі мемлекет және қоғам қайраткер Равиль Тәжіғараұлы Шырдабаев,белді маман, іскер басшы Ләззат Кетебайұлы Қиынов, жоталы жобалар жолбасшысыБолат Әбілқасымұлы Палымбетов, ізгілікті із қалдырған басшылар – Алик СерікұлыАйдарбаев, Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов, іскерлік, парасаттылықпен келген абыройиесі Серікбай Өтелгенұлы Трұмов, бұрынғы билердің бүгінгі тұяғындай МақсатНұрлыбекұлы Сқақов, ақ адал дос Мейрам Сапиұлы Ахметжанов, көпке қадірліҚұралбек Қошкелдіұлы Келжанов, тағы басқалар жайлы толғаныстар жарияланған. Ағаұрпақ өкілдерінің ерен еңбегі бүгінгі өскелең жас ұрпаққа үлгі-өнеге етіледі.

Екінші бөлім «Сәтті сапарлар мен тың ойлар» деп аталады. Бұған «Кіндік қаны тамған жер», «Көргеніміз көңілімізді көкке көтерді», «Болашағы зор сала», «Өмірден туындаған тың ойлар» атты мақалалар топтастырылған. Онда бұрынғы Бөкей ордасындағы Хан сарайы, Хан мешіті, Қазына үйі, Жәңгір хан кесенесі, Түркістан облысының Қазығұрт ауданындағы Сарапхана ауылындағы «Бабалар рухына тағзым» кешені мен «Мәңгілік Ел» саябағы, Грузияның Қара теңіз жағалауындағы Батуми туристік аймағы жайлы сөз болады. Осылайша ел көрген, жер көрген қаламгер керемет сәулеткерлік ескерткіштер жайлы сыр шертеді.

Автор осы кітаптың жарық көруіне қолдау көрсеткені үшін заң ғылымының докторы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бекет Тұрғараев пен ардагер мұнайшы, меценат Мейрам Сапиұлы Ахметжанов достарына өзінің ризашылық сезімін білдіреді. Қорыта айтқанда, бұл кітаптан Сіздер көптеген қызғылықты мағлұматтарға қанық боласыздар.

«Әділет-ақпарат».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *