Су басқан ауылдардың жаңа мекенінде 200-ге жуық үйдің іргетасы құйылып, 80-інің қабырғасы көтерілді. Екі үйдің сырты сыланып, шатыры жабылуда. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев халық қалаулылары мен Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге Мақта-арал ауданы, Мырзакент маңында бой көтеріп жатқан жаңа мөлтек аудандағы құрылыс жұмыстарымен танысты.
Айта кетейік, бүгінде мұнда 383 үйдің құрылыс жүргізілуде. Оның 193-і үкіметтік резервтің қаржысына, 190-ы қорлардың есебінен салынып жатыр. Соның ішіндегі 20 үй «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» қорының қолдауымен салынуда. Сонымен қатар жаңа ауданда су астында қалған ауылдардың мүлдем баспанасы жоқ 28 отбасы үшін тұрғын үйлер тұрғызылып жатыр. Олар осы уақытқа дейін монша, бала-бақша мен апатты жағдайдағы жатақханаларды паналап келген.
Құрылыс жұмыстары екі кезеңде жүргізілуде. Үй салуға қажетті техникалар мен құрылыс материалдарынан тапшылық жоқ.
ӨмірзақЕстайұлы су басқан егістік алқаптардың бүгінгі жайын тексерді. Соңғы мәліметтербойынша, ағын су жалпы аумағы 5800 га ауыл шаруашылығы алқабына зақымкелтірген. Оның 85% – мақта алқаптары. Бүгінде 2300 га жерге, яғни, 40% мақтаотырғызылды. Калғанына бақша дақылдары, күріш, жүгері егілді. Мүлдем жарамсызкүйге түскен егістік иелеріне өтемақы төленеді.
Әділ ҚЫРАН.