ҒҰМЫР ҚЫСҚА, ЖОЛ ҰЗАҚ

Өмір-өзен
1 069 Views

Күні кеше ғана Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұзафар Әлімбаев ағамыздан:

Білім тердің тынықпай,

Жанды еңбегің Қырықбай!

Кітаптан соң кітап жаз,

Тозбас әдет-ғұрыптай.

Игілігін ұзақ көр,

Жүз жасқа да жуықтай, – деп батасын алған тарих ғылымдарының докторы, белгілі ғалым, мыңдаған шәкірттерді мықты маман етіп дайындаған білікті ұстаз, ақын, жазушы, публицист, Абыз ағамызды алпыстың ішінде сұм ажал арамыздан алып кетті.

Соңына түсіп білімнің,

Онан кейін ғылымның,

Тарихты зерттеп жүргенде,

Кенже қапты өлеңім деп, «Кейінгі кезде бір үлгере алмай жүрген жұмыстарымның басын қайырдым. Өлеңдерімді жинақтап, «Ғұмыр қысқа, жол ұзақ», екінші кітабым – ел, жер, ғылым, білім, мәдениет, журналистика туралы мақалаларымды жинақтап, «Өткенге салауат, ертеңге аманат» деп атадым. Мынау көзімнің ағы мен қарасы, Алтынайымның өлеңдер жинағы. Әріптестік көңілмен ұсынамын» деді. Көзіндегі қуаныш пен қатар бір жанталасқан асығыстықты байқадым. Бірақ біз ешқашан жаманшылыққа жорымайтын халықпыз ғой. Кітабының аттары да, өзі де бәрін үлгеріп кетуге асығып тұрды. Бүгін сол картинаның барлығы көз алдымнан тізіліп өтіп жатты. Қандай опасыз жалған өмір! Әлі де қанша алға қойған мақсаттары бар еді. Ғұмыр қысқа, жол ұзақ,

Шақырады қай жаққа?

Барар жерді білмедім,

Жұмақ па, әлде тозақ па? – деген өзінің өлең жолымен аяқтай отырып, жұмақтың төрінен орын тисін! Артына өлмес мұра қалдырған әріптесім, Қырықбай Мазанұлының отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын.

Сәуле ТАПАНОВА,

филология ғылымдарының докторы, профессор

01.06.2020 ж. сағат 14:30 телефонға кафедрадан келіп түскен суық хабар төбемізден жай түсіргендей есеңгіретіп тастады. Бір жетіден бері ұжым болып, Алладан тілеуін тілеп, осы індеттен аман-есен жазылып, ортамызға оралса екен деп отырғанда сұм ажал арамыздан Абыз ағамызды жұлып әкетті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *