ЦИФРЛАНДЫРУ ЖҮЗ ПАЙЫЗ ҚАМТЫЛҒАН

Экономика
714 Views

Елімізде цифрлы Қазақстан бағдарламасын жүзеге асыру жолында Шымкент қаласы Полициядепартаментінің жеке құрамы толық 100 пайыз қамтылған. Жергілікті полиция қызметініңучаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріэлектронды планшет пен бейнежетон құрылғылары, радиоқабылдағыш құралдары жәнебасқа да қажетті техникалармен жарақтандырылған. Күнделікті қызмет барысында1427 дана электронды планшетпен әкімшілік хаттамалар толтырды жәнепланшеттердің көмегімен Қазақстан Республикасы ІІМ-нің дерек қорынан қажеттімәліметтерді алу мүмкіншіліктері қарастырылған.

Сонымен қатар қызмет бабында қазіргі заманғы 1626 дана қол радиоқабылдағыш құралдарын және 904 дана бейнежетон құрылғыларын қолдануда. Бейнежетон құрылғысының көмегімен тәулік бойы атқарған жұмысын түсіріп, қажетті жайттарды арнайы мұрағатқа сақтайды.

2019 жылдан тергеу және анықтау қызметкерлеріне электронды қылмыстық іс жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 400 комплект қажетті құрал жабдықтар сатып алынған. Қылмыстық процесті цифрландыру – процессуалдық құжаттарды рәсімдеуді жеңілдетуге, іс материалдарын бұрмалау тәуекелін, тергеу және сот органдарына жүктемелер мен материалдық шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді.

Шымкент қаласының аумағы ұлғаюына байланысты қосымша сыртқы бейнебақылау камераларын орнатуды қажет етеді. Себебі бүгінгі күні қала аумағында орнатылған 479 сыртқы бейнебақылау камералары қаланы толығымен қамтамасыз етуге жеткіліксіз. Ішкі істер органдарына сандық технологияның пайдасы өте көп. Бейнебақылау камералары заң бұзушылықпен күресуде полицейлерге үлкен көмегін тигізуде. Мұндай құрылғылардың арқасында біршама заң бұзушылықтар әшкере болады. Шымкент қаласының әкімдігіне қосымша бейнебақылау камераларын орнатуға ұсыныс берілген.

Шуақ НҰР.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *