Тимур ВАРЗИЛОВ: «МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ ҚАЖЕТ»

Денсаулық Қоғам
959 Views

Ағымдағы жыл еліміз үшін оңай кезең болып отырған жоқ. 2020 жыл адамзаттың қалыпты өмірін толықтай төңкеріп жаңа ережелер енгізе бастады. Осы сындарлыуақытта әсіресе медицина мен полиция қызметкерлерінің атқарған еңбектері орасан. Қалалар карантинге жабылып, блок бекеттер орнатылғанда да күн-түн демейқызметтен табылған осы батырлар, бүгінгінің батырлары болатын. Науқастың өмірі үшін жанталасып, өз өмірін құрбан еткен дәрігерлер де ел есінде. Оларды ұмытпақемеспіз. Бұлт қалыңдап, күн көзі жырақтаған уақытта, жарқын жүзді адамдаререкшн көзге түседі деген сөз бар. Расымен де осындай қиын уақыт бізге адамзатүшін ең маңызды салаларды қайта айқындап берді, еске салды. Ол әрине денсаулықсақтау саласы.

Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы да бүгінгі күні қала тұрғындарының амандығы үшін барын салуда. Осы орайда аталмыш басқарма басшысының уақытша міндетін атқарушы Тимур Варзилов мырзамен басқарманың биылғы жылы атқарған жұмыстары, цифрландыру деңгейі және Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларының аясында өткізілген іс-шаралар жайында сұхбаттасып қайттық.

– Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының биылғы жылдың сегіз айында атқарған жұмыстары жайлы айтып өтсеңіз?

– Биылғы жұмыстар негізінен баршамызға белгілі залым вируспен күресу аясында атқарылды. Коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастарды дер кезінде анықтап, диагностикалау үшін наурыз айынан бастап 7 зертхана жұмыс істеді. Зертханалар тәулік бойы жұмыс істеді. Әр зертхананың күніне 1400 ПТР тест өткізуге мүмкіндігі бар. Бұған қоса тағы 2 зертхана ашу жоспарлануда.

Халыққа сапалы және дер кезінде медициналық көмек көрсету үшін медицина қызметкерлерінің саны соның ішінде: дәрігерлер саны 13%-ға: дәрігерлердің жалпы саны 3519-дан 3 983-ке дейін және орта медициналық қызметкерлер саны 10%-ға: 8587-ден 9 440-қа дейін артты. Жыл басынан бері 9 130 қызметкерлер оқудан өтті. Біз алдағы уақытта Шымкент медицинасының сапасын арттырумыз қажет. Адам өміріне жауапты әрбір медицина қызметкері еңбегінің сапасымен бағалануы керек. Бұл салаға адасып келген азаматтарға орын болмайды.

Қала қоймаларында бір айлық дәрінің қоры жасақталды. Бүгінде шет мемлекеттен 2 млн. 676 мың флакон бірінші кезектегі дәрілер мен 16 млн. 700 мың маска жеткізілді. Сондай-ақ, медициналық ұйымдарға қосымша 339 ИВЛ, 673 «Бобров» тыныс алу аппараттары және 26 реанимациялық мониторлар алынды. Қазіргі таңда, реанимациялық орынның 88,7 пайызы ИВЛ аппараттарымен қамтылып отыр. Сонымен қатар 2 ауруханада оттегі станциясын іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бір ай ішінде тағы 3 аурухана қосылады. Оның үстіне әрбір қала тұрғыны үйден шықпай-ақ, медициналық көмек алуына жағдай жасалған. Тәжірибелі дәрігерлерден бейне консультация алу үшін 1430.kz порталына тіркеліп, өзіңізге керек маманды таңдап, онлайн режимінде жазылу қажет. Онлайн медициналық кеңес арқасында біз уақытты үнемдейміз және дәрігерлердің жұмысын одан әрі қауіпсіз және тиімді ететіне сенімдімін. Ағымдағы жағдайларға байланысты «1430» мобильдік қосымшасында халыққа онлайн-режимде психологтың тегін кеңесін алу мүмкіндігі ашылды. Бұл платформада білікті психологтар тобы жұмыс істейді. COVID-19 пандемиясына байланысты жағдайға жауап ретінде қорғаныс реакциясы, өзіне және туыстарына алаңдаушылық сезімі пайда болады. Сондықтан, стресстен құтылу және қалыпты өмірге бейімделу үшін бұл көмек өте маңызды. Психологиялық оңалту – тез қалпына келудің тағы бір қадамы.

Бүгінде құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқан медициналық ұйымдар бар. Емдеу мекемелерінің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын десек те болады. Атап айтар болсақ, № 2 қалалық ауруханада және перзентханада, ана мен бала оңалту орталығы ,№1 емхана, №3 аурухана (жертөле және оқу корпусы), №9 емханаға қарасты Алтын төбе дәрігерлік амбулаториясы. Сондай-ақ, негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу үшін 500 келушіге арналған емхана құрылысы жүзеге асырылды.

Ең бастысы халыққа алғашқы медициналық көмекті жақындату үшін Шымкент қаласында Халықаралық стандарттарға сай Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының «Call» орталығы ашылды. 103-ке келіп түсетін қоңыраулардың барлығын диспетчерлер жаңадан ашылған орталықта қабылдап, бірыңғай автоматтандырылған жүйе арқылы бақылай алады. Жаңа жоба аясында жедел жәрдем станциясында қоңырау қабылдау орындары 15-тен 30-ға дейін көбейді. Нәтижесінде, қала тұрғындары еш кедергісіз 103-ке хабарласа алады. Орталықтағы қоңырауларды басқару үшін PRI арнасының үздіксіз байланыс желісі мен спутниктік бақылау жүйесі (GPS) және мобильді интернет технологиясы қолданылады. Біріктірілген жүйе арқылы операторлар 10 секунд ішінде шақыртуды бригадаға бағыттайды. Сондай-ақ, 6 ақпараттық жүйенің көмегімен Шымкент қаласының картасы бойынша мекен-жайларды іздеу, көлік бағыттарының карталарын қадағалау, күту уақыты, қозғалыс жылдамдығы және тағы басқа осы сияқты операциялар туралы мәліметтерді автоматты түрде бақылауға болады. Шақыртуда жүрген мамандардың жұмысын бақылау үшін барлық 100 жедел жәрдем көлігіндегі қызметкерге 100 жаңа планшет берілді.

– Басқарманы цифрландыру жұмыстары қандай деңгейде?

– Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша медициналық ақпараттық жүйелермен 32 мемлекеттік және 72 жекеменшік медициналық ұйымдар жұмыс жасауда. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің «Ресурстарды басқару жүйесі» ақпараттық жүйесіне 9156 медициналық қызметкерлер енгізілген және медициналық ақпараттық жүйелеріне 100% оқытылған. Қала бойынша бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдар мен стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдар «ДамуМед» медициналық ақпараттық жүйесімен («ЦИТ Даму» ЖШС) жұмыс жүргізіп жатыр, ал жедел жәрдем қызметі «Армаком» медициналық ақпараттық жүйесімен жұмыс жасауда. 18–50 жас аралығында интернет активті адам саны – 458 697, оның ішінде мобильдік қосымшаны пайдаланушылар – 189 780 адам, интернет қолданушылардың 41,4% құрайды. Электрондық денсаулық паспорттары 1 006 125 пациентке толтырылған, бұл қала халқының 97 % құрайды. Шымкент қаласы бойынша компьютерлік техникамен жабдықтау көрсеткіші 75% құрайды. Медициналық ұйымдар интернет желісіне 100 % қосылғандығын мәлімдейміз.

Шымкент қаласының медициналық ұйымдарында 2020 жылдың тамыз айынан бастап онлайн кеңес беру бойынша ДамуМед медициналық ақпараттық жүйесі арқылы іске қосылды. Бүгінгі таңда 204 науқасқа онлайн кеңес берілді.

– Басқарма мен басқарамаға қарасты ауруханаларда Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында көрсетілген бағыттарға сай қандай іс-шаралар атқарылып, жұмыстар жүргізілді?

– ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына орай қаладағы денсаулық сақтау саласы өкілдерінің қатысуымен кездесулер өттi. Бас қосуда медицина саласының мамандары президент мақаласына тоқтала кетіп, әр бөлімде жазылған тақырыптар туралы сөз еткен. Жиындарда байырғы заманнан келе жатқан емдік терапиялар туралы сөз болды. Мақалада атқа міну мəдениеті туралы жазылған. Атқа міну арқылы да жүзеге асырылатын медицина саласында түрлі емдік терапиялар бар. Солардың бірі – иппотерапия əдісі. Бұл əдіс сал ауруына шалдыққан балаларды емдеу үшін қолданылады. Емдеу тəсілі – баланың бұлшық еттің дамуына зор септігін тигізеді. Жалпы атқа отырып жүрудің өзі адамның қан айналым жүйесін жақсартып, еркектердегі түрлі ауруларды алдын алады.

– Сұхбатыңызға рақмет!

Гүлнұр БАЙДУЛЛАЕВА.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *