АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ АУҚЫМДЫ ІСТЕР

Сұхбат Экономика
690 Views

Ауыл шаруашылығы – ең маңызды салалардың бірі. Өйткені, халықтыазық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етудедәл осы саланың рөлі орасан зор. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауылшаруашылығының түрлі саласымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Қазіргі таңдаәлем елдерінің 45 пайыз экономикалық белсенді халқы осы берекелі саламенайналысады екен. Сол сияқты еліміздің де өркендеуіне, шикізат пен астықөндіруде өз үлесін аянбай қосып келе жатқан бұл салада Оңтүстік өңірінің еңбегіайтпаса да айқын. Осы орайда Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринариябасқармасының тындырымды істерімен танысып, басқарма басшысы Асқар Сәкенұлы Қаныбеков мырзамен сұхбаттасып қайттық.

– Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының қаңтар-тамыз айлары аралығында атқарған жұмыстары туралы не айтасыз?

– Қаланың ауыл шаруашылығына жарамды жерлері 62,6 мың гектарды құрайды. Оның ішінде: Егістікке жарамды 39,5 мың гектар жердің 27,9 мың гектары игерілді. Қазіргі таңда, қала аумағында қосымша өнеркәсіптік үлгідегі 11,7 гектар жылыжайлар («Таза өнім» ШҚ – 6 гектар, «Арман Агро» ШҚ – 3,7 гектар, «Колесников А.В.» ШҚ –2 гектар) және 15 гектар қарқынды алма бау егу жобасы іске асырылды. Күзгі дала жиын терім жұмыстарын жүргізуге мың тонна дизель отыны бөлініп, тауар өндірушілердің өтінімдеріне сай 190,6 тоннасы берілді. Қалған бөлігі жиын – терім жұмыстарының соңына дейін толығымен берілетін болады. Нәтижесінде 27,9 мың гектар егістік алқабынан 36,7 мың тонна өнім жиналды. Атап айтқанда 14,2 мың тонна дәнді дақылдар, 1,0 мың тонна майлы дақылдар, 2,4 мың тонна картоп, 12,6 мың тонна көкөніс, бақша және 6,5 мың тонна мал азығы жиналды. Мал шаруашылығында ет – 10,6 мың тонна, сүт – 35,1 мың тонна, жұмыртқа 100,4 миллион дана артығымен өндірілді. Сонымен қатар мал басының саны да артып келеді. Атап айтқанда ірі мүйізді қара мал – 81,5 мың, қой мен ешкі – 106,8 мың, шошқа – 4,1 мың, жылқы – 14,5 мың, түйе – 29 бас және құс – 100,1 мың бас. 2020 жылғы қаңтар-тамыз айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 22,8 миллиард теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,1 миллиард теңгеге артты. Ал өткен жылы естеріңізде болса, 19,7 миллиард теңге болған.

– Инвестиция және несиелендіру бойынша жаңалықтармен бөліссеңіз.

– 2020 жылы агроөнеркәсіп кешенінде жалпы құны 7,6 миллиард теңгені құрайтын 18 инвестициялық жоба жүзеге асыру жоспарланып, бүгінгі таңда жалпы инвестиция құны 5,3 миллиард теңгені құрайтын сегіз жоба толығымен іске қосылды Олар: «Д-САБЫР» ЖК, «Taza Onim» ШҚ, «Колесников А.В.» ШҚ, «Arman-AGRO» ШҚ, «Тассай құс» ЖШС, «Шымкент құс» ЖШС, «Ахмедов Мураджан»ЖК, «Бәйтерек АГРО»ЖШС.

«Аграрлық Несие Корпорациясы» АҚ арқылы 260 миллион теңгеге алты жоба және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен 1 626 миллион теңгеге 23 жоба бойынша жеңілдетілген несие беріліп, 15 жоба бойынша мақұлданған субсидия көлемі 111,8 миллион теңгені құрады.

– Басқармадағы цифрландыру жұмыстары қандай деңгейде жүзеге асуда?

– Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдау субсидиялаудың барлық бағыттары автоматтандырылған. Қызмет алушылар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «qoldau.kz» порталы арқылы тапсырыс бере алады. Қызмет алу үшін міндетті түрде цифрлық қолтаңбасы мен жер телімі электронды картаға енгізілуі тиіс. Сонымен қатар қарқынды өндірістік жылыжай кешендері толық автоматтандырылған, атап айтқанда, «Таза өнім» ШҚ, «Alt Company Invest» ЖШС, «Шарипов» ЖК, «Арман Агро» ЖШС, «Колесников» ЖК кәсіпорындары жылу энергиясының автономды көздерімен, термоаккумулятор, жылыту және климаттық бақылау жүйесі, ауаны автоматты ылғалдандыру, жарық беру, көмір қышқыл газын өндіру, перделеу жүйесі, жасанды субстратта топырақсыз өсіру технологиясы, дақылдарды аз көлемде өсірудің автоматты (тамшылатып суару, қоректік ерітінділерді дайындау тораптары, су дайындау) жүйелерімен автоматтандырылған. Сондай-ақ, қала бойынша бүгінгі таңда 16 308,1 гектар егістік жер, 241,1 гектар жайылым, 245,1 гектар көпжылдық екпелер цифрландырылды. Цифрландыру жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда.

– Басқармада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары аясында қандай іс-шаралар атқарылды?

– Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігін қарастыруды тапсырған.

Салада ағымдағы жылы 5 жоба іске қосылды. Оның ішінде «Арман Агро» ШҚ 3,7 гектар, «Зауре» ШҚ 3 гектар құрайтын жылыжай кешендері, «Керемет Сапа» ЖШС алма бағы, «ККК» ЖШС құс фермасы, «Нурмухамедов» ЖК бал арасы қызметі. Сонымен қатар ауылшаруашылығын дамыту мақсатында жылдың соңына дейін жылына 300 тонна ешкі сүтін шығаратын сүт фермасы, 24 мың ірі қара мал бордақылайтын 5 шаруашылық, 3 құс фермасының қуаттылықтары артады (40 миллион дана жұмыртқа өндіретін «Тассай құс» ЖШС, 200 тонна құс етін «Терещенко» ЖК, 2 мың тонна бройлер етін шығаратын «Шымкент құс» ЖШС). 40 гектар жерге қарқынды бау егілді (өнім үш жылдан кейін), жылына 20 миллион консервіленген банкалар шығаратын екі кәсіпорын, тауарлы сүт фермасы, құс етін және жұмыртқасын шығаруды кеңейту, ешкі сүтін өндіру және қайта өңдеу, жеміс-көкөністі қайта өңдеу, ірімшік өндіру кәсіпорнын кеңейту, ұн өндіруді модернизациялау, мал бордақылап, ет өндіру, асыл тұқымды етті-сүтті бағыттағы ІҚМ кешені жүзеге асырылатын болады.

– Басқарманың биылға жеткен жетістіктері мен алға қойған жоспарлары жайлы не айтасыз?

– Қала аумағында екі бірдей агро-индустриалды аймағын іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Біріншіден, көліктік-логистикалық орталығының маңындағы 136 гектар аумақта заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешендерін салуға жер бөлініп, алғашқы кезеңде қарастырылған жобаларға, 30 гектар өнеркәсіптік жылыжай кешенін салушы сегіз инвесторға 12 жылға жер жалға берілді. Қазіргі таңда инвесторлармен келісім шартқа тұрып, жерді тегістеп дайындау жұмыстары басталды. Екінші кезеңде 60 гектар жылыжайды құрайтын 20 жоба жүзеге асырылатын болады. Шымкенттің қолайлы географиялық орналасуы бар, онда транзиттік теміржол магистралі және «Батыс Еуропа» – «Батыс Қытай» Халықаралық транзиттік дәлізі өтеді. Халықаралық әуежай Ташкент қаласынан 100 км қашықтықта, Тараз қаласынан 180 км қашықтықта орналасқан. Қызылорда қаласынан 450 км, Бішкек қаласынан 500 км, Алматы қаласынан 700 км. Қаланың тиімді орналасуы көлік-логистикалық әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді. Осы ретте құрылған көліктік-логистикалық орталықта жалпы ауданы 242,5 мың м2 ішінен, 60,1 мың м2 мұздатылған қоймалар пайдалануға берілген.

Аталған орталықта көтерме тарату орталығын құрып, өндірілген түрлі ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау, сұрыптау, буып түю, фито-санитарлық бақылаудан өткізу, тауар партиясын қалыптастырып, экспортқа жіберу жұмыстары жүргізілетін болады.

Осы бағытта, Шымкент қаласының Қайнар бұлақ тұрғын алабы маңында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағын құру жоспарлануда.

Мұнда биологиялық қоспалары бар құнарлы құрама жем өндірісін салу («Tengri World» ЖШС) және сүт өңдеу зауытын салу («Балмұздақ»ЖШС) жобаларын жүзеге асыру, сонымен қатар шет ел инвесторларымен бірлесе сүт, ет, жеміс пен көкөністі қайта өңдейтін, консервілейтін жобаларды жүзеге асыру көзделуде. Сондай-ақ, алдағы 5 жылда «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі бойынан 500 гектар аумақта қарқынды бау егу жоспарлануда.

– Сұхбатыңызға алғыс білдіреміз!

Г. ҒАНИҚЫЗЫ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *