ТҰҒЫРЫНАН ТАЙМАҒАН УНИВЕРСИТЕТ

Білім Қоғам
1 059 Views

Шымкенттегі Халықтар достығы университеті жұмысын қайта жалғастырады. Бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде «Білім және ғылым министрлігінің шешімімен білім беру лицензиясынан айырылған» деп жарыса жазылған еді. Алайда, сот мұның барлығын дәйексіз деп тауып, істі университет пайдасына шешіп берді. Ең сорақысы, осы арада 100-ден астам студент университеттен құжаттарын кері қайтарып алған.

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ректоры Қуатбекова Рабиға Әбдімұсақызы бұл ақтау туралы мәліметті растай отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті мен Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының университет лицензиясының күшін жою туралы шешіміне түсініктеме берді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында университеттің бас лицензиясынан айыру себептері туралы ақпарат жарияланды, онда білім беру сапасын қамтамасыз ету комитетінің «Оқу үдерісін ұйымдастыруға, талапкерлерді қабылдауға, университетті оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етуге, түлектерді жұмысқа орналастыруға байланысты заң бұзушылықтар» болды деп атап көрсетілген. Осыған орай, Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ректоры Қуатбекова Рабиға Әбдімұсақызы қалыптасқан жағдайды бұқаралық ақпарат құралдары, қалың жұртшылық, яғни студенттер мен олардың ата-аналары, университет профессор-оқытушылары алдында жоғары оқу орнының жұмысын штаттық режимде жалғастыру туралы қуанышты жаңалықпен бөлісіп, толық түсіндіру мақсатында баспасөз конференциясын өткізді.

Анықталынды делінген университетке қатысты бірқатар әкімшілік құқықбұзушылықтар, яғни оқу процесін ұйымдастыруға, талапкерлерді қабылдауға, жоғарғы оқу орнын оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етуге, түлектерді жұмысқа орналастыруға байланысты бұзушылықтар жайындағы деректер сотта өз растауын таппаған.

Ақпарат беру мақсатында өткен жиында аталған жәйт туралы университет ректоры Рабиға Қуатбекова: «БАҚ-та университеттің бас лицензиясын айыру туралы ақпарат соттың шешімі шықпастан бұрын жарияланды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім мен ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті жоғары оқу орнының лицензиясын тоқтата тұрудың бірқатар әкімшілік құқықбұзушылық бойынша жоғары оқу орны мен комитет арасындағы аппеляциялық соттың талқылауында өз растауын таппады», – деді өз сөзінде.

Білім беру сапасын қамтамасыз ету комитетінің білім беру үдерісін ұйымдастыруға және түлектерді жұмысқа орналастыруға қатысты заң бұзушылықтар болды дегені шындыққа сәйкес келмейтінін атап өткен жөн.

Университеттегі оқу процесін ұйымдастырудың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің типтік ережелерінің, Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру мен жүзеге асыру ережелерінің талаптарына сәйкес келуін комиссияның 2020 жылдың 10 ақпанынан бастап 14 ақпанына дейінгі алғашқы тексеру кезінде көрсетілгенін атап өту маңызды. Сәйкестік нәтижелері университетке профилактикалық бақылау нәтижелері туралы анықтамада жазылған. Сондай-ақ, 2020 жылғы 21-23 қыркүйек аралығында өткен жоспардан тыс тексеру кезінде университет түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша анықталған кемшіліктер толықтай жойылған.

Бұл университеттің жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеру туралы актідегі комиссияның қорытындысымен расталады. Бұл құжатта комиссия оқытудың барлық бағыттары бойынша түлектерді ЖОО-да өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналастыру 50 пайыздан астам, яғни бакалавриат — 87,2 пайыз, магистратура — 86,5 пайызды құрайды. Бұл жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің типтік ережелерінің 55-тармағына сәйкес келеді делінген болатын.

Комиссия мұндай тұжырымды университет түлектерінің жұмысқа орналасуы туралы жұмыс орнынан алынған анықтамалары мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ҰАҚ-ның 2019 жылғы түлектердің зейнетақы жарналары туралы ақпараты негізінде жасаған.

Университет қызметінің маңызды көрсеткіштерінің бірі – түлектерге деген сұраныс және жұмыспен қамту. Оқу бітіргеннен кейін бір жыл ішінде түлектерді өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналастырудың айтарлықтай жоғары деңгейі университеттің білім беру бағдарламалары жұмыс берушілердің үміттерін ақтайтындығын, университет түлектері аймақтық еңбек нарығында сұранысқа ие екендігін көрсетеді деп ойлаймыз.

Университеттің білім беру бағдарламалары облыстың жетекші кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелерінің ұсыныстарына сәйкес әзірленген, тәжірибеге бағдарланған және жұмыс берушілермен келісілген. Білім беру бағдарламаларын мамандандырылған ғалымдар реестрге енгізу процедурасынан өткізеді және жыл сайын Қазақстан Республикасы ЖОО-ның Білім беру рейтингіне қатысады.

«Атамекен» ҰКП рейтингіне сәйкес университеттің білім беру бағдарламаларының көпшілігінде жеткілікті тұрақты көрсеткіштер бар. Сонымен қатар, университет білім беру бағдарламаларының сапасы мен мазмұнын жақсарту бойынша жұмыс жүргізуде. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ұсыныстары бойынша пәндер енгізілді, тәжірибелі практиктер сабақ өткізуге тартылды. Осыған орай, студенттер, магистранттар, докторанттар және олардың ата-аналары, сондай-ақ, жұртшылық мынаны түсінуі қажет.

Нақтырақ айтқанда университеттің барлық жоспардан тыс тексерістері елдегі төтенше жағдай және Шымкенттегі карантинді күшейту кезеңінде өткен.

Үшінші жоспардан тыс тексеру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы шілдеде шыққан жаңа талаптары бойынша жүргізілген. Тексеру барысында лицензиясынан айырылған университеттен студенттер контингентін, яғни 6000-нан астам студенттердің ауысуына байланысты көбейткен факті ескерілмеген. Олардан түскен шағымдар мен толқуларға байланысты ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің өтініші бойынша аталмыш жоғары оқу орнының білім алушылары аталған университетке қабылданған болатын.

Осыған байланысты «Оқу орнымызда университеттің жабылғандығы және студенттердің жеке ісі құжаттарын алып жатқандығы туралы жан-жақты қоңыраулар мен абыржулардың үлкен ағыны болуда. Өйткені, бұқаралық ақпарат құралдарында «Tengrinews, NurKZ» және басқаларында олар студенттерді академиялық семестрдің аяқталуын күтпестен басқа оқу орындарына ауыстыруға болады деп жазған. ҚР Білім және ғылым министрлігінің қызметкерлері процесс әлі аяқталмаған және сот аппелляциялық тәртіпте шешім шығарылмаған кезде университет лицензиясынан айыру туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында мерзімінен бұрын жарияланған», – деді университет ректоры Рабиға Әбдімұсақызы.

Университет Шымкент қаласының сотына Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары шығарған Әкімшілік құқықбұзушылық туралы қаулыларға апелляциялық шағым берген.

Бұл мәселелермен даудың осы сатысына түскен университет адвокаты Ләззат Жансейітова айналысқан.

Апелляциялық сатыдағы сот адвокат Л.М.Жансейітованың университет ректоры Р.А.Қуатбекованың мүддесінде берген шағымдарын қанағаттандырды.

Демек, университетте оқу процесін ұйымдастыруда ешқандай заң бұзушылықтар болған жоқ.

Осы орайда айта кетеріміз, соттың ізгілігі мен осы әкімшілік істі қараудың объективтілігіне сенім артқан университет басшылығы аккредиттеу мен рейтингтік тәуелсіз агенттігінің халықаралық және мамандандырылған аккредиттеу сертификатының иегері болып табылатын жоғары көрсеткіштегі университет екендігін дәлелдей түскендей болды. Университеттің негізгі миссиясын орындау үшін оның білікті құрамы және ғылым-білім беру үдерісін заманауи материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етуі, бәсекеге қабілетті ғылыми әлеуеті және жоғары білім деңгейі бар, бұл аймақ пен елдің қажеттіліктеріне сәйкес білім, ғылым және өндірісті интеграциялау арқылы жоғары білікті мамандарды сапалы даярлауға бағытталған оқу ордасы. Халықтар достығы университеті студенттердің әлеуметтік мәселелерін белсенді шешетін аймақтық жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Атап айтқанда, ректордың гранттары және аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттерге, көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға, мүгедектерге, мүмкіндігі шектеулі балаларға, сонымен қатар, Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары нәтижелерімен өткен дарынды және «Алтын белгі» иегерлеріне, ҚР еңбек сіңірген спорт шеберлері, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, ғылым бойынша халықаралық, республикалық олимпиадалардың жүлдегерлеріне материалдық ынталандыруға бағытталған оқу ақысына жеңілдіктері бар үздік университет. Алдағы уақытта өзінің миссиясына сәйкес білім беру қызметін жалғастыра алады деп бек сеніммен айта аламыз.

А.СӘКЕНҚЫЗЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *