КӨПТІҢ ҚАМЫН КӨКСЕГЕН

Қоғам
873 Views

2010 жылы Қазақстанның оңтүстік өңірінде негізі қаланған «Әділет» республикалық қоғамдық-саяси, тарихи-танымдық газетіне биыл – 10 жыл! Осы қысқамерзімде басылым аса мәртебелі оқырман тарапынан өз бағасын алып та үлгерді.Бұл ретте апталықтың негізін қалаушы Қуанышбек Тасболатұлының ұйымдастырушылықеңбегін айрықша атап өткен лазым. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттықуниверситеті журналистика және саясаттану факультетінің магистратурасын үздікбітірген ол өз қарамағына қаламы қарымды, от ауызды, орақ тілді журналистердіжинай білу арқылы газет оқырмандарының аудиториясын кеңейтіп, басылымдағыжарияланымдардың өзектілігін арттыруды мақсат етті. Газет ұжымы тынбайізденудің арқасында қазақ басылымдарының арасында өзіндік орнын тапты. Қазақжурналистикасының негізін қалаған Ахмет Байтұрсынұлынша айтсақ, «халықтың көзі,құлағы һәм тілі» қызметін абыроймен атқарып, көптің әлеуметтік мәселелерінбатыл көтеріп келеді. Соның нәтижесінде жылдан-жылға оқырмандар қатары көбейетүсуде. Бүгінде республиканың түкпір-түкпіріне кең таралып, республикалықмәртебеге ие болып отыр.

Әділеттің алдаспанындай әділдік пен ақиқаттың тура жолын іздеп, халық пен биліктің арасында алтын көпірге айналған, бүгінде 10 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан газет ұжымын алғашқы бағындырған белесімен құттықтаймын! Күні кеше әріптесім әрі газеттің бас редакторы Мұратбек Тоқтағазин ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Алғыс хатымен, газеттің жауапты қызметкері Асыл Жапанов ҚР Бас редакторлар клубының Құрмет грамотасымен марапатталды. Шын жүрегіммен құттықтаймын!

Әрқашан да биік межелерден көрініп, елдік мұраттағы жасампаздық қалыптан айнымай, қоғамды толғандырып жүрген келелі мәселелерді көтеріп, оқырман сұранысын қанағаттандыру жолында еңбек көрігін қыздыра беретіндеріңізге сенемін. Сіздерге шығармашылық толағай табыс тілеймін! Мерейлеріңіз үстем, жазарларыңыз мол болсын! Оқырман жүрегінен жол тапқан «Әділет» атына заты сай басылым болып ұзақ жасасын!

Қайрат САҚ,

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетінің деканы, Қазақстан журналистер академиясының академигі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *