ОЙЛАРЫҢЫЗ – ОЗЫҚ, ӨРІСТЕРІҢІЗ КЕҢ БОЛҒАЙ!

Қоғам
1 101 Views

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық

«Әділет. Рухани жаңғыру» газетінің

бас редакторы М.Б.Тоқтағазинге

Құрметті Мұратбек Балқыбекұлы!

Республикалық «Әділет. Рухани жаңғыру» қоғамдық-саяси, тарихи-танымдық газетінің 10 жылдық торқалы тойы құтты болсын!

Осы он жыл ішінде ел газетіне айналған басылым ақпарат биігінен көрініп, міндетін абыроймен атқарып келеді. Мемлекетіміздің сан салалы жаңалығын, өркендеп-өсу жолдарын қалың бұқараға насихаттаумен қатар, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылым-білім өрісіне жаршы бола білді. Ғалымдарымыздың шығармашылық әлеуетін жарқыратып көрсетті.

Тәуелсiздiк құндылығына, бiрлiк пен тiрлiк, берекесіне ұйытқы «Әділет» дер кезінде рухани жаңғырып, осы атауды өзіне айдар етті. Сондай-ақ, оқырманының сүйікті газеті талай журналистің ұстаханасына айналды. Басылым маңдайында ұлы Абай бейнесінің тұруы да – рәміздік мәні бар бастама.

Біз елімізде тұңғыш рет журналистика және саясаттану факультетін жаңа бағдарда қалыптастырып келеміз. Осы теория мен практиканың түйіскен шеберханасында «Әділет. Рухани жаңғыру» газетінің өз орны бар. Бұған – басылым бетінде Еуразия ұлттық университеті ғалымдары мен студенттерінің мақалалары айқын дәлел.

Он жылдық мерейтой мезетінде газет ұжымы мен барша оқырманына 25 мыңдық ұжымымыздың ыстық ықыласын жолдаймыз.

Қаламдарыңыз мұқалмасын, ойларыңыз – озық, талдауларыңыз – айқын, өрістеріңіз кең болғай! Келе жатқан жаңа жылда да жазарларыңыз мол болсын!

Ақпарат әлемінде Қазақ елін тұтастандырып, ақыл-зердесіне кең жол ашқан газетке ұзақ ғұмыр тілейміз!

Құрметпен,

Ерлан СЫДЫҚОВ,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

университетінің ректоры,

ҚР ҰҒА академигі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *