БОЛАШАҚ БҮГІННЕН БАСТАЛАДЫ

Саясат Қоғам
797 Views

Nur Otan партиясының 2025 жылға дейінгі «ӨЗГЕРІСТЕР ЖОЛЫ: ӘР АЗАМАТҚА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР!» атты сайлауалды бағдарламасы – реформалардың заңды жалғасы. Бағдарлама –аса ауқымды, бірақ нақты жоспарланған, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілгенмақсаттар мен бағдарлар жиынтығы және бүгінгі күннің күрделі ахуалына қатыстыобъективті көзқарас. Құжатта азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыру бойыншабарынша ойластырылған шаралар қамтылған. Осыған орай, аталған бағдарламааясында Шымкент қаласы мәслиxатының бюджет және экономикалық даму мәселелеріжөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібіндегі жиында «Шымкент қаласы бойынша «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Жол картасының орындалуы талқыланып, аталған жоба аясында тиісті басқарма басшыларының баяндамалары тыңдалды.

Шара барысында «Біз осы бағдарламаны іске асыруды жалғастырамыз және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын одан әрі арттыруды, азаматтардың құқықтарын қорғауды, сонымен қатар шағын және орта бизнесті қолдау шараларын кеңейтуді қамтамасыз етеміз. Біз азаматтардың заңды құқықтарын қорғау және халықтың құқықтық сауаттылығын түбегейлі арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргіземіз. Азаматтардың құқықтық мәдениеттілігін арттыру, сапалы өмір сүру үшін алда тұрған кедергілерді жою – біз үшін басты мақсат пен міндет», – деген Шымкент қаласы мәслиxатының бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы, депутат Альбина Елшиева болашағымыздың бүгіннен басталатынын да айта кетті.

Еске сала кетейік, қаңтар айының 10-жұлдызында ҚР Парламенті Мәжілісі және Мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өткен болатын. Бұл күнде ел сенімі мен үмітін арқалап сайлауға түскен депутаттарымыз халыққа берген уәделерін орындау мақсатында өз жұмыстарына кірісті. Осыған байланысты республикалық «Әділет.Рухани жаңғыру» қоғамдық-саяси газеті халықтың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша Шымкент қаласы әкімдігі басқармаларының есебін тыңдап, осы бағыттағы жұмыстардың толық орындалуына бас-көз болып, жүзеге асуына ықпал етуші депутаттарымыздың алдағы атқаратын жұмыстары төңірегінде оқырман қауымды хабардар етіп отыратын болады.

«Әділет-ақпарат»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *