КОЛЛЕДЖ ҰЖЫМЫ ТОЛЫҚ СЕНІМГЕРЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ

Білім Мәселе
852 Views

2020 жылы облысымыздың алдыңғы қатардағы, базасы мықты бірқатар оқу орындары сенімгерлік басқаруға жекеменшікке берілді. Қазіргі кезде ондағыұстаздар қудалауға ұшырап, мәртебесі аяққа тапталып жатыр.

Түркістан индустриялық-құрылыс колледжі Түркістан облысындағы көшбасшы білім ордаларының басында болған. Сол кездегі басшылар колледждің жан-жақты деңгейін көтеріп, «Жас маман» қаржыландыру бағдарламасын жеңіп алғаны рас және оны республика мойындаған. Ал енді сенімгерлікке Болатбек Әлиев мырза өзінің «DALA-CONSTRUCTION.KZ» ЖШС-нің қожасы ретінде конкурсқа жалғыз өзі қатысып, сенімгерлік арқылы ие болып отырғанына 1 жылдан асып отыр. Нақты айтқанда 2020 жылдың 23 қаңтары. Осы уақыттан бері бұл колледждің тынышы бұзылып, берекесі қашып, дау-дамайдан басы арылмай келеді. Бүгінде бірнеше наразылық сот процестері жүріп жатыр. Елбасының бағдарламасына сәйкес сенімгерлікке алған колледждерді сол компания, яғни бұл жерде Болатбек Әлиев мырза толығымен өзінің қаражатымен колледжді дамыту керек және өзі жас мамандарды даярлап, жұмыспен қамтуға міндетті еді. Асылы сенімгерлікке құрдымға кеткен колледждер берілуі тиіс болатын. Бұл жерде Болатбек Әлиевтің көшбасшы колледждерді сенімгерлікке алып отырғаны балықтың басынан шірігенін байқатады.

Күні кеше аталған колледжді кәсіподақ ұйымының кезекті отырысында 200-ден аса педагог ұжым колледж тағдырына қатысты екі мәселені қарады. Біріншісіаталған білім ордасы Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасыныңқұрамынан тұрғылықты жеріне байланысты Шымкент қаласының білім басқармасыныңқұрамына көшіп өту; Екіншісі осыдан тура бір жыл бұрын Түркістан облысыныңАдами әлеуетті дамыту басқармасының біржақты шешімі негізінде (ГЧП бойынша)сенімгерлік басқаруға «DALA-CONSTRUCTION.KZ» ЖШС-не өтіп кеткен шешімнен бастарту. Ұжым сұранысына орай, қоғам белсенділері мен «Әділет. Рухани жаңғыру»газеті өкілдері арнайы шақырылған болатын. Өйткені, бұл туралы соңғы үш айдареспублика деңгейінде аталған басылым бұл мәселеге байланысты бірнеше зерттеуматериалдарын жариялаған. Жиналысқа қатысқан қоғам белсендісі, заңгер АйгүлОрынбек те Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенімкеңесінің отырысында бұл заңсыздық туралы Президент назарына арнайы жеткізгенболатын.

Қаралған бірінші мәселе бойынша Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы құрамынан Шымкент қаласының білім басқармасының құрамына өтуіне ұжым тарапынан 100 пайыз бірауыздан қолдау тапты. Кәсіподақ отырысының қаулысы негізінде алдағы уақытта колледж басшылығы заң актілеріне сәйкес тиісті құжаттарды арнайы мекемелерге өткізетін болады.

Ең негізгі екінші мәселе сенімгерліктен бас тарту мәселесі қызу талқыланып, колледжде көп жылдар қызмет атқарған Игорь Харахордин және Мәжит Аманжолов (арнайы технология пән мұғалімі, кәсіподақ мүшесі) сенімгерлікке алған басшылықтың барлық кемшіліктерін ашық айтып, колледжің болашақ тағдырына алаңдаушылығын ашық жеткізді. Бұл мәселе Түркістан облысы басшылығына арнайы жеткізетін болды.

Соңғы кездегі ең аянышты жағдайлар практикаға шығатын студенттер сенімгерлік басқаруға алған Болатбек Әлиевтің бетон шығаратын жекеменшік зауытында қара жұмысқа салынғаны дәлелдермен тілге тиек етілді. Еске сала кетейік, Шымкентте орналасқан кәсіби мамандарды даярлайтын бұл оқу орны ұжымының талаптары 2020 жылдың қаңтарынан бері сенімгерлік басқаруға берілген кәсіптік білім беру ордасын мемлекетке қайтарсын дейді. Педагогтардың айтуынша ақпаннан бері ұжымда маза қашқан. Сабақ өту мүмкін емес, жасалған қысымнан оншақты кадр қызметтен кетуге мәжбүр болған көрінеді. Осы уақытқа дейін сенімгерлік басқаруға алған компания яғни, «DALA-CONSTRUCTION.KZ» білім ордасына бір тиын да инвестиция салмаған. Ең сорақысы жеңіп тұрған «Жас маман» мемлекеттік бағдарламасынан құр алақан қалып отыр. Сенімгерлік басқаруға дейін бұл колледж «Жас маманның» жеңімпазы болып, қаржылай қолдау тапқан. Колледж ұжымы күйініп, талап-тілектерін ашық айтты. Отырыстың соңында екінші мәселе де ұжым тарапынан бірауыздан қолдау тауып, кәсіподақ жиынының хаттамасына толықтай енді. Бұл халықтың талабы облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің назарына беріліп отыр.

Бұл жиынның толық бейнематериалын республикалық «Adilet.tv» ақпараттық агенттігінің ютуб каналынан көре аласыздар.

Әділ ҚЫРАН

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *