ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІМЕН ӨТКІЗІЛЕТІН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА

Қоғам Құқық
798 Views

Қоғамнан оқшаулаусыз жазаға тартылған, сотталғандар арасындағы қылмыстардың алдын алу үшін наурыз айының 24-жұлдызына дейінреспубликалық профилактикалық іс-шара жүргізіледі.

Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты – есепте тұрған бас бостандығын айырумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғалардың тарапынанболатын құқықбұзушылықты және қылмыстың қайталануын уақытылы анықтау үшін,тұрғылықты жерлері, әкімшілік деректер базасы және ішкі істер органдарының басқа да есептері бойынша тексеру болып табылады.

Бұл профилактикалық іс-шара барысында, Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің Шымкент қалалық Пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері және учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп есепте тұрған сотталғандардың тұрғылықты жерлерін тексеріп, құқықбұзушылықтар анықталған жағдайда сотталғанға қатысты шаралар қолданылады.

Е.ЕРЕЖЕПОВ,

Шымкент қалалық №1 Пробация қызметі (Еңбекші ауданы бойынша) бөлімінің аға инспекторы, әділет капитаны.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *