10 СУ ҚОЙМАСЫН ОРНАЛАСТЫРУ КӨЗДЕЛІП ОТЫР

Кездейсоқ жаңалықтар
816 Views

«Әділет. Рухани жаңғыру»

газетінің редакциясына

 

Сіздің 2018 жылғы 3 наурыздағы №5 санды Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев мырзаға жазған хатыңызға сәйкес:

2017 жылғы 6 қарашадағы Оңтүстік Қазақстан облысының елді мекендерін көгалдандырудың 2017-2021 жылдарға арналған №303 қаулысымен «Шатқал» іс-шара жоспары бекітілген.

2017 жылы «Шатқал» бағдарламасы аясында «Самал» 38 гектар, «Шымсая» 25 гектар, ОҚО депутаттары 10гектар, «Нұр Отан» партиясы 8 гектар, депутат Қ. Балабиев 8 гектар және 10гектар депутаттар – Н.Абишев, Р.Оспанәлиеваға бекітілген шатқалдарына барлығы 79120 дана декоративті ағаш көшеттері отырғызылып, көшеттерді суару мақсатында 17 жерге тік ұңғыма, 26 дана су қоймалары мен 41690 метр суару жүйесі пайдалануға беріліп, 16399 метр қоршау орнату жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар қалалық құрылыс бөлімі тарапынан Юнус Эмре шатқалының жобасы жасалып, құрылыс жұмыстарын жүргізуге мердігер анықтау мақсатында конкурс өткізілуде.

Астана, Бәйтереков көшелеріндегі жаңа шатқалға, Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге конкурс өткізіліп, мердігер «Каз Нур институты» ЖШС-і жұмыстар атқаруда.

2018 жылы шатқалдарға 50 шақырым суару жүйелерін жүргізу, 4 трансформатор орнату, 10 тік ұңғыма қазу, 10 су қоймасын орналастыру және 120 мың ағаш көшетін отырғызу көзделіп отыр.

Осы жұмыстарды жалғастыру мақсатында Шымкент қаласы, Қайнарбұлақ елді мекенінің жанында орналасқан, жалпы алаңы – 15 гектар болатын жаңа шатқалды облыстық денсаулық сақтау басқармасына бекітіп, көгалдандыруға ұсыныс берілді.

Б. Жанбосынов,

Шымкент қаласы

әкімінің орынбасары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *