БАҒАНАЛАР БЕКІТІЛГЕН ЖОБАЛЫҚ-СМЕТАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМАЛАРҒА СӘЙКЕС ОРЫНДАЛҒАН

Кездейсоқ жаңалықтар
1 086 Views

«Әділет. Рухани жаңғыру»

газетінің редакциясына

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

 іс-қимыл Ұлттық бюросының

ОҚО бойынша департаменті

басшысының орынбасары

Ә. Жорабековке

 

Сіздің 2018 жылғы 3 наурыздағы №5 санды Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев мырзаға жазған хатыңызға сәйкес:

  1. 2017 жылы Шымкент аумағындағы орталық және жаңадан қосылған елді мекендердегі көшелерге сыртқы жарық жүйесін қайта құруға, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаржы қаралды. Соның ішінде Тұрар Рысқұлов көшесіндегі ескі бағаналарындағы түнгі жарық шам көздерін заманауи үлгідегі жарық диодты шамдар мен оцинкалы бағаналарға ауыстырып, қайта құру жұмыстары жүргізілген. Орнатылған бағаналар бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаларға сәйкес орындалған.
  2. 2017 жылғы 6 қарашадағы Оңтүстік Қазақстан облысының елді мекендерін көгалдандырудың 2017-2021 жылдарға арналған №303 қаулысымен «Шатқал» іс-шара жоспары бекітілген.

2017-2018 жылы көктем айларында «Шатқал» бағдарламасында «Нұр Отан» партиясы 8 гектар, депутат Қ. Балабиев 8гектар және 10 гектар депутаттар – Н.Абишев, Р. Оспаналиеваға бекітілген шатқалдарына барлығы 131120 дана декоративті ағаш көшеті отырғызылып, көшеттерді суару мақсатында 17 жерге тік ұңғыма, 26 су қоймасы мен 41690 метр суару жүйесі пайдалануға беріліп, 16399 метр қоршау орнату жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар қалалық құрылыс бөлімі тарапынан Юнус Эмре шатқалының жобасы жасалып, құрылыс жұмыстарын жүргізуге мердігер анықтау мақсатында конкурс өткізілуде.

Астана, Бәйтереков көшелеріндегі жаңа шатқалға, Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге конкурс өткізіліп, мердігер «Каз Нур институты» ЖШС-і жұмыстар атқаруда.

2018 жылы шатқалдарға 50 шақырым суару жүйелерін жүргізу, 4 трансформатор орнату, 10 тік ұңғыма қазу, 10 су қоймасын орналастыру және 120 мың ағаш көшетін отырғызу көзделіп отыр.

Осы жұмыстарды жалғастыру мақсатында Шымкент қаласы, Қайнарбұлақ елді мекенінің жанында орналасқан, жалпы алаңы – 15гектар болатын жаңа шатқалды облыстық денсаулық сақтау басқармасына бекітіп, көгалдандыруға ұсыныс берілді.

Б. Жанбосынов,

Шымкент қаласы

әкімінің орынбасары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *