ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Құттықтаймыз
648 Views

Биыл бұрынғы КСРО, оның құрамында болған 15 ұлттық республикалар, солардыңқатарындағы Қазақ КСР-і мен олардың азаматтарының Одақты қаз-қалпында сақтапқалуға құлшынғандары үшін жандары жаралы, түстер ауыр қаралы, ал жалпыәділеттілік, бостандық, теңдік, тәуелсіздік үшін күрескен, олардың ауыртпалығынкөтергендер, әсіресе қудаланып, Конституциялық құқықтары бұзылғандарғакөңілдері шат, түстері қызыл жеңісті әрі торқалы жыл. Себебі, осыдан 30 жылбұрын, яғни 1991 жылы тамыз айының 19 күні Одақтың «опасыздықтан» ойран болып, компартияның масқарагершілікпен таратылуына, «суверенді» ұлттық республикалардың тәуелсіздіктерін алуларына «старт» берілген күн болатын…

Дәл сол жылы, дәл сол күні Шымкент қаласының Дзержинский аудандық халық сотында Аманқұл Күмісбекұлының КСРО азаматтығынан шығып, Бразилияға тұрақты қоныстануға кетуге рұқсат сұрап арыз жазғаны үшін Конституциялық құқытарын шектеп, ар-намыстарын таптаған дәрігер-психиатрларға қойған талап арызын толық қанағаттандырғаны белгілі…

Күмісбек Аманқұл Күмісбекұлының 1969 және 1972 жылдардағы әрекеттерінен туындаған қиындықтар мен қудалаулар, оларға қарсы күресі мен нәтижелері туралы кезінде Ресейдің «Час пик» және Қазақстанның «Егеменді Қазақстан», «Қазақ әдебиеті», «Дат», «Шымкент келбеті», «Южный Казахстан» және тағы басқа газеттер бір реттік материалдар жариялаған. Бірақ оларда көтерілген мәселелерге мемлекет басшылығы мен басқа да құзыретті органдар тарапынан мән берілмеген екен.

«Әділет. Рухани жаңғыру» газеті 2010 жылдан бері толыққуатты зерттелген, мемлекеттік органдардан алынған ресми құжаттар мен архивтік материалдарға негізделген сын мақалалар жариялап, олардың соңғылары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Бас Прокуроры Ғ.Д.Нұрдәулетовтың және Мәжіліс төрағасы Н.З.Нығматулиннің назарларына ұсынған еді. Солардың нәтижесінде, Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев пен Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов тарапынан қолдау тауып, ҚР Президентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтауды толық аяқтау туралы Жарлығына байланысты Түркістан облысы мен Шымкент қаласында құрылған «Жұмысшы топтардың» құрамына А.Күмісбек енгізілгенін білеміз.

Редакция ұжымы Аманқұл Күмісбекұлына осындай жауапты жұмыс атқаратын топтың құрамына енуімен, сонымен қатар 2021 мамыр айының 6 күні толатын 77 жасымен құттықтайды. Деніне саулық, отбасына амандық, қоғамдық-саяси істе табыс, шығармашылық жұмыста жаңа белестерден көрінуді тілейді.

ТӨМЕНДЕГІ СУРЕТТЕРДЕ АМАНҚҰЛ КҮМІСБЕКҰЛЫНЫҢ ӨМІРІНІҢ ҮШ КЕЗЕҢІ БЕРІЛГЕН:

Бразилияға кетуге бірінші рет арыз жазған кезі. 1969 жыл.

Сотта ар-намысын қорғап, жеңіске жеткен 1991 жыл.

«Әділет. Рухани жаңғыру» газетінің ақпараттық қамтамасыздандыру және қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі – 2021.05.06.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *