ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҚҰТТЫБОЛСЫН!

Құттықтаймыз
993 Views

Құрметті газет оқырмандары, профессор-оқытушылар, сала қызметкерлері, студенттер, Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймын!

Ата-бабаларымыз қашанда жыл басы, жақсылық бастауы санаған осынау күнді ерекше қарсы алған.

Өткен оқу жылында сапалы білім – саналы тәрбие беру үшін нәтижелі жұмыстар атқарылды. Университетіміз әлемдік деңгейде білім беру саласы бойынша жоғары сатыға шығып, ТМД елдері арасында топ жарды. Мұндай жоғары атақ пен марапатқа ие болу – профессор-оқытушылар құрамы және ұжым еңбегінің нәтижесі.

Университетімізде «Қазақстан халқы Ассамблеясы» және «Рухани жаңғыру» кафедрасы мен»G-Global» және «Ұлы Жібек жолы» жобаларын дамыту орталығы ашылуы университет үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін үлкен мәртебе.»2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы» (ИИДМБ-2) бойынша білім алған магистрлерге салтанатты түрде диплом тапсырылды. Ең бастысы, мұның бәрі болашаққа бастап, тәуелсіздігімізге қызмет ететін еңбегіміздің жемісі.

Құрметті әріптестер, ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп, алға қойған мақсаттарға бірге қол жеткізе берейік! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге зор табыс тілеймін.

Наурыз құтты болсын! Ақ мол болсын!

Құрметпен,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры,

ҚР ҰҒА академигі, профессор Ерлан СЫДЫҚОВ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *