БАТЫР АНА

Әр алуан Өмір-өзен
1 118 Views

Ана! Үш-ақ әріп, бар жылуына бөлеп, мейірімін төгіп, өмірдің мәні, тұтасындай болған асыл жан – Ана.

Мына заманда осы атқа лайықты болып жүрудің өзі бір мәртебе. Мен өз анамды осы атқа лайықтылардың лайықтысы деп білемін.

Жасөспірім шағында әке-шешесінің аясында бұлғақтаған дәуренін қалдырып, басқа бір елге келін болып түседі. Солай өз шаңырағын көтеріп,үй мен шаруаға иелік етіп, түтін түтетіп, 30 жасында бес баланың анасы, батыр ана атанады.

Отыздан асқан шағында әкемнен айырылып, ерте жесір атанады. Біз ауыл адамдары едік, ауыл арасында жесір әйелдің өмір сүруі өте ауыр. Анам ештеңеге мойымай, тек алға басып, өзінің жұмысын жалғастыра берді. Әкемнің жоқтығы бізге аса білінбейтін. Асыл анам әулетіміздің сыйлы келіні еді, атам әрдайым қорғап, қолпаштап жүретін. Алайда әкем дүниеден өткен соң араға 6 ай сала атамыздан да айырылдық. Бұл біз үшін ең ауыр соққы болды.Тірі адам тіршілігін жасар деп, өз өмірімізді жалғастырып жүре бердік. Күндердің бір күні асыл анамның әулетінде, қалада үлкен қуаныш болатын болып 2сағаттық жолға шықтық. Өкінішке орай жол үстінде жол апатына ұшырадық. Рөлде анам өзі болатын, артында төрт бауырыммен болдым. Көлік жолдан шығып кетіп, 3-4 аунап түсті төмен қарай.Алла сақтап, бәріміз аман қалдық. Алайда асыл анам мен сіңлім ауыр жағдайға түсті. Анам қол арбаға жарты жыл танылды, сіңлім 2 жарым ай бойы ес-түссіз жатты. Солай менің ең жақын адамдарым 1 жыл бойы өмірмен күресіп, мойымай, берілмей, бәрін жеңіп шықты. Араға жыл сала өкінішке орай, анамды көлік қағып, қайта балдаққа танылды, алайда асыл анам біз үшін тырысып, тез есін жиып алды.

Қазір де балаларым өмірім деп біз үшін бүкіл жағдайымызды жасап келеді. Мен үшін батыр адам ол менің асыл анам.

Сынға түскен сәттердің әрбірінен.

Қанат қақтың өмірге ән жыры мен

Тең көремін қайсарлық деген сөзді

Ана сенің толағай тағдырыңмен.

Әлдилеген ән болғаның үшін,

Өмірімде бар болғаның үшін,

Адал асыл жан болғаның үшін

Рахмет саған АНА!!!

Аяулым ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *