ЖАСТАР ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ШАБУЫЛҒА ҚОРҒАНСЫЗ БОЛЫП КЕЛЕДІ

Дін Жастар
599 Views

Қазіргі таңда қоғамның тұрмыс-салты мен дүниетанымының жүйесі ретіндегі діннің рөлі айтарлықтай өсті. Елімізде әртүрлі діндер менконфессия өкілдерінің бейбіт өмір сүруі және өзара тиімді іс-әрекет етуі үшінқолайлы жағдайлар жасалған. Мұсылмандар, христиандар және басқа діни сенімөкілдері біздің көпконфессиялы және көпұлтты ортақ үйімізде қоян-қолтық араласаөмір сүріп жатыр. Қазақстандағы конфессияаралық қатынастар әлемдегі көптегенелдер үшін үлгі болып отыр. Жалпы, дін қоғам мен мемлекет дамуының қажетті жәнесөзсіз жағымды факторына айналды.

Дей тұрғанмен, дінмен байланыстының бәрі бірдей оң сипатқа ие бола бермейді. Сондықтан біз діннің жағымды жақтарын айтып қана қоймай, әрбір жағдай мен үдеріске әділ көзбен, шыншылдықпен қарап, тиісті бағасын беруіміз керек.

Өкінішке қарай, дін рөлінің арта түсуі барысында халықтың діни өмірінің кейбір келеңсіз көріністері ашыла бастағанын айта кеткен жөн. Себебі соңғы уақытта, елімізде қалыптасқан қағидаларға мойынсұнбайтын жастар, азаматтар байқалуда. Кейбір дінге сенушілердің қоғам алдындағы конституциялық, азаматтық борышын атқарудан бас тарту оқиғалары байқалады.

Жалпы бүгінде дінді саясиландыруға талпынып жүргендер де жасырын емес. Бұған Конституция және елдегі заңнама арқылы тыйым салынғаны белгілі. Елімізге айқын немесе жасырын теріс пиғылды ниеті бар жат діни идеологияның енгені байқалуда. Осының салдарынан дінге сенуші тұрғындардың кейбір бөлігінің қоғамдық қатынастардың қалыптасқан жүйесін қабылдаудан үзілді-кесілді бас тартып, өктемдік пен радикализмнің шектен шыққан түріне бой алдыруы аса қауіпті болып отыр.

Экстремизм мен терроризм идеологтары дінді пайдаланып, исламдағы кейбір діни қағидаларды ерекше әдістерін қолдана отырып, халықтың белгілі бір топтарының ой-санасына теріс ықпал ете білді. Көп жағдайда әлеуметтік белсенділігімен ерекшеленетін, идеологиялық ықпалға тез түсетін қоғамның ерекше тобы саналатын жастар теріс пиғылды діни насихаттық қызмет үшін ыңғайлы нысанаға айналды. Жас ерекшеліктеріне қарай ізденгіш және білуге құмар болып келетін жастар қылмыс әлемінің, соның ішінде шетелдік және халықаралық субъектілердің тарапынан айлакерлікпен жасалған идеологиялық тұзаққа жиі түсетін болды.

Бүгінде Шымкент қаласында 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың үлес салмағы халықтың жалпы санының 26,2%-ын, яғни 270 мыңнан астам адамды құрайды. Жастар білім алу, мамандық таңдау және қоғамда әлеуметтену, негізгі араласатын ортасын құру, рухани қағидаттар мен бағдарын қалыптастыру секілді негізгі әлеуметтік және демографиялық өмірлік кезеңдерінен дәл осы жас кезінде өтеді. Әлеуметтік және азаматтық тұрғыдан есею шағында жастар көбіне біз үшін жат ықпалды күштердің алдында әлсіздік танытады. Әсіресе жастар діни экстремизм мен терроризм субъектілері тарапынан жасалған идеологиялық шабуылдардың алдында қорғансыз болып келеді. Жастар әділдік пен жақсылық үшін күресте барлық іс-әрекетке, соның ішінде шектен шығушылыққа да бой ұрады. Сондықтанда жастарымызды түрлі жат ағымдардың жетегіне кетудің алдын алу жалпы қоғамның алдындағы үлкен міндет.

Барлық тарихи кезеңдерде жастар қоғамның ең ұтқыр, оқуға, жаңалық енгізуге және реформаларға бейім бөлігі ретінде сипатталғанын бәріміз білеміз. Қазіргі таңда тек білімді, ой-санасы терең, ақыл-ойы дамыған және кәсіби дайындалған жастар ғана сапалық, серпінді және инновациялық дамудың маңызды шарты мен кепілі болатынын, еліміздің болашағын қамтамасыз ете алатынын ешкімге дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Сондықтан жастарымызды алғырлыққа, барлық заманауи технологиялық құралдарды меңгеруге, кез келген басқа елдің жастарымен зияткерлік деңгейі жағынан терезелері тең болуына барлық жағынан қолдауымыз қажет. Сонымен қатар, жастардың санасына діни қайраткерлерден басқа адамдар да рухани бай бола алатынын сіңіру керек. Елімізде үлгі-өнеге алуға лайықты қаншама иманжүзді ғалымдар, дәрігерлер, ұстаздар, өнер қайраткерлері, әскери қызметкерлер, саясаткерлер бар. Оларды құрметтей және оларға еліктей отырып, жастарымыз көптеген өмірлік сауалдарына жауап тапқан болар еді.

«Иманды ұрпақ көбейсе елдің болар тірегі» демекші саналы, иманды ұрпақты тәрбиелеуден шаршамайық!

Берік ЖҮНІСОВ,

Шымкент қаласы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ әлеуметтанушысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *