МӘДЕНИЕТТЕГІ МӘДЕНИЕТСІЗДІК НЕМЕСЕ ШЫМКЕНТТІҢ БЕДЕЛІН ТҮСІРГЕН БАСҚАРМА

мәдениет
869 Views

Шымкент қалалық мәдениет басқармасының басшысы ХанзадаЕсенованың қылмыстан көзі ашылмай қойды. Дүйім елге жария болған былтырғыНаурызды мерекелеуге жұмсаған 500 миллионның жыры әлі күрметілген жіптейсозбаланып келеді. Неге десеңіз, осы іс-шараға қатысты қылмыстық іс қозғалып,басқарманың үш қызметкері күні бүгінге дейін сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша қамауда отыр. Олар істі жабу мақсатында 80 миллион теңге пара ұсыныпжатқан тұста ұсталған болатын. Шымкент қаласының мәдениет саласында сыбайластықпен жемқорлықтың ізі кеппей жатып, жақында ғана басқарма басшысы ХанзадаЕсенова мен көмекшісі пара алу үстінде тағы ұсталды. Дегенмен, Есенова тергеугежетпей сытылып үлгереді де, көмекшісі қамауға алынған. Оқиға Алматы қаласындаболғандықтан, қазіргі таңда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігітергеу жұмыстарын бастады.

Сонда мемлекет қаржысын оңды-солды шашып, қазынаға қол сұғып жүргендер бостандықта жүріп, шелек жалағандар тұтыла беруі керек пе? Неге басшысының басы ноқтаға ілінбейді, неге қосшысы қысым көруі керек? Бұл тиісті агенттік қызметінің әлсіздігі ме, мұны қалай түсіну керек?! Халықтың кешегі ашу-ызасынан кейін мемлекет басшысы үкіметтің жаңа құрамымен жұмыс істеуге кірісті. Жаңарған жаңа Қазақстанды құруға бет алды. Бірақ, біз ескі Қазақстанда қалған ескі сүрлеулі жүйенің қамытынан шыға алмай келеміз.

Мәдениет – адам болу өнері. Бірақ, бізде мәдениет саласын басқаратындардың өзі мәдениет атаулыдан құр алақан. Біздің қоғамымызда мәдениеттің майталмандарының қолы парамен былғанса да, көз жұма қарайды. Бұл сонда қандай Қазақстан?

Әйтенов мырза, мәдениет саласының былыққа батқаны күні кеше ғана емес, бірақ содан еш нәтиже де, қорытынды да шығармайтын кадрлардың міз бақпай отыруына кім жауап береді, кім кінәлі?! Біздің жүйеде жауапқа тартылатын басшы бар ма өзі?!

Шымкенттің абыройы сіздің абыройыңыз, әкім мырза! Ханзада секілді ханымдар әлеуеті алға дамып келе жатқан мегаполистің абырой-беделіне нұқсан келтірді. Бұл шымбайға бататын ащы шындық.

Бұл тақырыпқа байланысты журналистік зерттеуіміз ары қарай жалғасын табады.

Нұр-Қасым ӘЛІМБАЙ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *