Қазақстан Республикасы «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңының 1 бабының 11) тармақшасына сәйкес: тауар шығарылған жердiң атауы – елдің, өңірдің, елдімекеннің, жердің, не басқа географиялық көрсеткіштің атауын білдіретін неқұрамында атауы бар белгілеме, сондай-ақ ерекше қасиеттері, сапасы, репутациясынемесе басқа сипаттары негізінен географиялық шыққан жерімен, оның ішінде өзінетән табиғи жағдайлармен және (немесе) адам факторларымен байланысты тауарғақатысты пайдалану нәтижесінде белгілі болған және туындының осындай атауданшығарылған сілтемесі;
Осы Заңның 26, 27 және 29-баптарында белгiленген талаптарға сәйкестiгi тексерiле отырып, сараптама жүргiзу тәртiбi өтiнiм берiлген күннен бастап отыз жұмыс күні iшiнде сараптама жасау ұйымы сараптама жүргiзедi. Сараптама барысында сараптама жасау ұйымы қосымша материалда сұратуға құқылы, олар өтiніш берушiге сұрау жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде тапсырылуға тиiс. Қосымша материалдарды не осы мерзiмдi ұзарту туралы өтiнiштi өтiнiм берушi белгiленген мерзiмде тапсырмаған жағдайда іс жүргiзу тоқтатылып, өтiнiм керi қайтарып алынған болып есептеледi. Сараптама нәтижелерi бойынша:
1) тауар шығарылған жер атауын тiркеу және (немесе) тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын беру туралы;
2) тауар шығарылған жер атауын тiркеуден және (немесе) тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын беруден бас тарту туралы тиістi шешiм қабылданады.
Өтiнiм берушi өзiне тiркеуден бас тарту туралы шешiм жiберілген күннен бастап үш ай мерзiмде сараптама шешiмiн қайта қарау туралы өтiнiш бiлдiрiп, дәлелдi қарсылық тапсыруға құқылы.
Қайта шығарылған сараптама шешiмiмен келiспеген жағдайда өтiнiм берушi Қазақстан Республикасы «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңының 12-бабының 6-тармағында көзделген тәртiппен қарсылық бере алады.
Сараптама ұйымы тауарлар шығарылған жер атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiне тауар шығарылған жердiң атауын, тiркелу нөмiрi мен күнiн, тауардың ерекше қасиеттерiнiң сипаттамасын, тұрғылықты жерлерiн (орналасқан жерлерiн), өтiнiмнiң нөмiрi мен берiлген күнiн көрсете отырып тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының барлық иелерi туралы мәлiметтердi және көрсетiлген мәлiметтердегi одан кейiнгi барлық өзгерiстердi, сондай-ақ тiркеуге қатысты басқа да мәлiметтердi енгiзедi. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының иесi тiркеу туралы мәлiметтерге қатысты өзгерiстер жайында сараптама жасау ұйымына хабарлап отыруға мiндеттi. Өзгерiстер туралы жазбаны сараптама ұйымы Тауарлар шығарылған жер атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiне және куәлікке енгізедi. Тауарлар шығарылған жер атауларының мемлекеттiк тiзiлiмi жалпыға бiрдей қолжетiмдi болып табылады. Мүдделi тұлғалардың өтiнiшi бойынша сараптама жасау ұйымы Тауарлар шығарылған жер атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiнен көшiрме бередi. Тауар шығарылған жер атауын тiркеудiң және тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзімдері аталған географиялық объект аумағында өндiрiлетiн тауардың ерекше қасиеттерi сақталған жағдайда тауар шығарылған жер атауларын тiркеу мерзiмсiз қолданылады. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығы сараптама жасау ұйымына өтінім берiлген күннен бастап он жыл бойы қолданылады. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзiмi тауар шығарылған жер атауының тiркелуiне қатысты тауардың ерекше қасиеттерi сақталған жағдайда оның қолданылуының соңғы жылында берiлген иесiнiң өтiнiшi бойынша әр жолы он жыл ұзартылып отырады. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiш Қазақстан Республикасы «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңының 29-бабына сәйкес құзыреттi органның қорытындысымен бiр мезгiлде тапсырылады. Тiркеудiң қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы мәлiметтер Тауарлар шығарылған жерлердiң атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiне және куәлiкке енгiзiледi.
Н. КҰДАЙБЕРГЕНОВ,
Түркістан облысының Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің бас маманы,«Қазақстан Заңгерлерінің одағы» РҚБ-нің ТО филиалының мүшесі.