Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағ- дар: рухани жаңғыру» атты бағ- дарламасының аясында Түркіс- тан облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ерлік» филиалында «Туған жердің тұлғасы», «Ата- бабалар аманаты — елдік пен ерлік, бірлік пен ынтымақ» жоба- лары бойынша жазушы, профес- сор Нұрғали Өмірбекұлы Қадыр- баевпен сәрсенбілік сырласу са- ғаты өтті. Іс-шараны музей қыз- меткері Майра Бердіқұлова қыс- қаша сөз сөйлеп ашты. Еңбек және тыл ардагері Шерім Меде- уов аталмыш музейдің өскелең жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі атқарып отырған жүйелі жұмыстары жайында әңгіме қозғады. Нармахан Бегалыұлы, Сәрсен Бек Сахабат, Сабырбек Тұрлыбек, Сабырбек Олжабаев, Дәркен Танабаев тәрізді қалам- герлер кеш иесінің шығармашы- лығы жайында өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар Н.Қадыр- баевтың курстастары, ағайын- туыстары, құда-құдағилары, қыз- дары құттықтау сөз сөйледі. Қа- зақстан Республикасының мәде- ниет қайраткері Нышан Төлеге- нов, Шымкенттегі Б. Өтеп атын- дағы өнер мектебінің оқушысы Арайлым Шора ән шырқады. Басқосу барысында жазушы
Н.Қадырбаев пен оның зайыбы, ардагер ұстаз Ақмаржан Жолдас- қызы Әуезова өздеріне қойылған сауалдарға жауап қайырды.
Н. Қадырбаев 1950 жылы 1 қаңтарда қазіргі Түркістан облы- сының Мақтаарал ауданындағы Еңбекші ауылдық округінің Нұр- лы таң ауылында дүниеге келген. Сондағы Абай атындағы орта мектептің түлегі. Өзбекстанның Гүлістан қаласындағы Сырдария мемлекеттік педагогикалық инс- титутының қазақ тілі мен әдебие- ті бөлімін үздік дипломмен бітір- ген. 1970-1977 жылдары бір кез- дері өзі тәлім алған білім орда- сында қатардағы мұғалімнен мектеп директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбаса- ры, мектеп директоры лауазымы- на дейін көтерілген. 1977-1981 жылдары аудандық партия коми- тетінде насихат және үгіт бөлімі- нің нұсқаушысы болып істеген. 1981-1992 жылдары аудандық «Мақтаарал» газетінде редактор- дың орынбасары, облыстық те- лерадио компаниясында редак- торы ретінде журналистік қарым- қабілетін танытқан. Жергілікті атқарушы биліктің өкілі ретінде 1992-2002 жылдары аудан әкім- дігі тіл бөлімінің бастығы, аудан әкімі аппаратының аумақты да- мыту және кадрлармен жұмыс бөлімі меңгерушісінің орынбаса- ры — ішкі саясат және әлеуметтік сала секторының меңгерушісі болып қызмет істеген. 2002-2016 жылдары Жетісай қаласындағы «Сырдария» университетінің оқытушы, профессоры ретінде жас мамандар даярлау ісіне ат- салысқан.
Н. Қадырбаев «Қазақстан Рес- публикасының Тәуелсіздігіне — 20 жыл», «Қазақстан халқы Ассам- блеясына — 20 жыл» мерейтой- лық медальдарымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ыбырай Алтын- сарин атындағы төсбелгісімен, Алғыс хатымен марапатталған. Қазақстан Республикасы мәде- ниет саласының үздігі. 2002 жыл- дың үздік жазушысы. 2011 жылы республиканың бір топ зиялы қауым өкілдерімен бірге Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың қабылдауын- да болған. Сұлтанбек Қожанов атындағы Халықаралық қордың, республикалық «Қысқа әңгіме- лер» байқауының жүлдегері. Ре- сей Жаратылыстану академия- сының Алтын медалінің иегері. Халықаралық «Көне әлем» ака- демиясының лауреаты, құрметті докторы. Мақтаарал ауданының құрметті азаматы.
«Қоянның құлағы неге ұзын?», «Алыстап кеткен жұлдыздар», «Мырзашөл жазы», жалпы отыз- дан астам әдеби көркем, деректі, ғылыми-сыни зерттеу, аударма кітаптары жарық көрген. Әңгіме- лері мен ертегілері мектеп оқу- шыларына арналған диктанттар мен мазмұндамалар жинақтары- на енген. «Тарихи роман: дәстүр- лі сабақтастық» әдеби-ғылыми және сыни зерттеу, «Көркем әде- биет көкжиегі», «Жазушы Мар- хабат Байғұттың прозасы» ғылы- ми-әдеби зерттеу, «Біздің ғалым- дар» деп аталатын кітаптар шы- ғарған. «Шетел әдебиеті» атты үш томдық хрестоматиялық оқу- лықтың авторы. Туындылары орыс, өзбек, болгар тілдеріне тәржімаланған. Аудармашы ре- тінде Кроуфорд Френсис Мэ- рионның «Айқыш жолы», Перва- ноглу Иоаннистің «Жазаның өте- лу сағаты», Марио Варгас Льо- саның «Қала мен төбеттер», Шыңғыс Айтматовтың «Таулар құлағанда», Кобо Абэнің «Адам — жәшік», Шарль Лоранның «На- полеонның ұлы», Стивенс Ро- берт Нильсонның «Королеваның құпиясы», В.Энсворттың «Тақ үшін күрес», Проспер Мерименің «ІХ Карлдың патшалық құру хро- никасы» романдарын, тағы басқа да шетелдік қаламгерлердің но- веллалары мен әңгімелерін төл тілімізге тәржімалаған.
Жақында «ақ алтынды» өңір- ден Шымкенттейін мегаполис қалаға қоныс аударған Н.Қадыр- баев әріптестерімен бірге әдеби ортаның жұмысына етене арала- сып кетті. Әртүрлі іс-шаралардың басы-қасында жүрген ол өзінің ой-пікірін ортаға салып, ортақ мақсат жолында тынымсыз еңбек етуде.
Ә. ҚАҢТАРБЕК.