Түркістан облысында 220 азамат жұмыспен қамту шараларына жолданды. Жалпы облыс көлемінде халықты жұмыс күшіне тарту кеңінен қолға алынғаны айтпаса да белгілі. Олардың дерлігі жастар екендігі де жасырын емес. Осыған орай Түркістанда «Еңбек нарығының жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Мақсаты, жұмыссыздардың екі қолына бір күрек ұстатып, жұмыссыздықтың деңгейін төмендету. Сондай-ақ, «Жастар практикасы» мен «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламаларына қажетті жұмыс күшін толықтыру. Аталған жұмыс жәрмеңкесіне облысымызға қарасты барлық қала, ауданнан жалпы саны 522 адам қатысты. Олардың әр қайсысы әр түрлі мамандық бойынша жұмыс іздеп жүргендер. Оның төрт жүзден астам жұмыссызы нақты тіркеліп, тиісті мамандар кеңесіне жүгінді. Нәтижесінде 220 нақты азамат жәрмеңке аясында қажетті жұмыс орындарына жолданғаны қуантарлық жағдай. Оның ішінде 70 пайыздан астамы жоғарыда аталып өткен «Жастар практикасы» мен «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламаларына бағытталды. Айта кетерлігі, жәрмеңкемен бірге келушілерге еңбек заңың білу және сақтау бойынша да арнайы семинар өткізілді.
ЖАСАҒАНҒА ЖҰМЫС, ҚЫЗЫҚҚАНҒА ҚЫЗМЕТ БАР
358 Views