Нұралы НҰРЛАНҰЛЫ: «БӘРІ КИНОДАҒЫДАЙ…»

Қоғам
729 Views

Мақтааралдан Қостанайға қоныс аударған Нұралы өз қызықшылықтарымен бөлісті

Қазақстанға арналған ұзақ мерзімді болжамдар елдің аймақтарындағы орын алған демографиялық жағдайды болжайды. Бұл уақыт өте аз қоныстанған солтүстіктің ауылдық мекендеріне халықтың едәуір қоныстануына әкеледі. Қазақстанда кейінгі жылдары ерікті көші-қон бағдарламасы шеңберінде іске қосылған, қоныс аудару схемасы өзектілігін жоғалтпай, демографиялық үрдістерді теңестіруге тырысуда. Демографиялық ахуал нашарлаған солтүстік өңірлерге оңтүстік тұрғындары қоныс аударып жатыр. Бағдарламаның тағы бір мақсаты — солтүстік аймақтардың өндірістік базасының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін еңбек ресурстарын қайта үлестіру. Ең алдымен, оңтүстік және солтүстік аймақтары кәсіби және техникалық мамандарға бәсекелеседі. Еңбек нарығының жағдайы білім мен ғылым саласында өте қиын, мұнда елдің солтүстігіне қарағанда оңтүстігінде бос жұмыс орындары көбірек ұсынылады. Сондықтан аталмыш бағдарлама солтүстік аймақтарға отбасылық қоныс аудару бойынша сұранысты қанағаттандыруды жалғастырып келеді.

Бүгінгі әңгімеміз «Еңбек» бағдарламасы аясында Түркістан облысы Мақтаарал ауданынан Қостанай қаласына көшіп барған Арыстан Нұралы Нұрланұлы туралы болмақ. Түркістан облысының тумасы 1997 жылы 1 қыркүйекте Мақтаарал ауданы Абай ауылдық округінде дүниеге келген. Мектеп табалдырығын сол өңірге қарасты Қызылқұм ауылдық округінде бастаған. Бағдарлама аясында қоныс аударып, 2018 жылдан бастап, бүгінге дейін Қостанай педагогикалық колледжінде филология кафедрасының оқытушысы қызметін атқаруда. Ол мұнда қазақ тілі мен әдебиеті курсының оқытушысы, қазіргі қазақ тілі және каллиграфия, мемлекеттік тілде іс-қағаздар жүргізу тәсілдерін оқытады.

— Мен Қостанай қаласына келгеніме төрт жыл болды. Оқуды бітірген кезде бұл бағдарлама туралы білмейтін едім. Жоғары оқу орнын аяқтаған соң мемлекеттің игі бастамасы туралы хабардар болдым. Сол сәттен бастап өз үлесімді қосуға, мемлекеттің бастап отырған бағдарламасын қолдаймын деп шештім. Жаман болмадым. Үйренгенім де аз емес. Әрине бәрі оп-оңай бір жолға түсе қойған жоқ. Кедергілер мен қиыншылықтарға тап болдым. Қостанай қаласында қызметімді бастағалы үнемі жақсы жетістіктерге жетіп жүрмін. Өзімнің жерлес таныс, бауырларыма мақтанышпен айта аламын. Бұл жерде жағдай жақсы жасалған. Білімің болмаса оқытады, жұмысың болмаса жұмыс береді дегендей. Әсіресе жастарға үлкен мүмкіндіктер қарастырылған, – дейді Нұралы.

Оның айтуынша, басында жергілікті тұрғындарға үйрену қиындау болған. «Барлығы орысша сөйлейді. Оңтүстікке қарағанда біраз артта қалып қойған, дамымаған. Бизнес те дамымаған, халықтың саны аз. Көктемге дейін қиналдым. Бұл жақта сөйлесетін адам да жоқ еді. Оңтүстік өңірдегідей қонақжай болып, бірден кірісіп кету деген болмады», — дейді Н.Нұрланұлы.

Алайда, еңбек бәрін жеңбек ұстанымын жоғалтпаған ол ізденістерінің арқасында қазір 6 ғылыми мақаланың авторы. Республикалық және облыстық байқаулардың жеңімпазы. Республикалық «Қазақ тілін креативті оқыту» байқауында «креативті мұғалім» номинациясының иегері. Республикалық қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналған пәндік олимпиаданың 3 орын иегері. Ғ.Мұратбаев атындағы республикалық жастар сыйлығын, төсбелгісін алған. Сонымен қатар студенттері де түрлі деңгейдегі байқаулардың жеңімпазы.

— «Жас келсе іске» дейді қазақ. Мен өмірімнің бағытын қателеспей таптым деп ойлаймын. Қазір жұмыссыз жүрген жастар көп. «Еңбек» бағдарламасы кәсіп бастаудан, жұмыс жасау үшін қолдау көрсету жағынан аянбай қол ұшын беруде. Мен оған сенімдімін. Сондықтан жұмыс жоқ деп жатпай біз жастар елге, жерге титтей де пайдамыз тиіп, еңбекпен қамтылған ел адамы болу керекпіз, — деп санаймын өз басым. Менен басқа да қаншама жастар, отбасы мүшелері қоныс аударып жатыр солтүстік беткейге. Көпшілігі жергілікті халық болып кеткен. Балалы-шағалы, өсіп-өніп жатыр. Екі қолға бір күрек таба алмай бос ауылда жүргенше, жұмыс бар өңірлерге қоныс аудару керекпіз. Бәріміз бір тудың астындағы мемлекеттеміз ғой. Шетел асып кетіп жатқандар да бар. Оның қасында бұл өз елімізге қосып жатқан үлесіміз деп қарау керек дейді.

— Нұралының сөзінше, ол жақта ауыл шаруашылығына байланысты жұмыс көп. Біреу сауыншы болып нәпақасын табады, енді бірі шаруашылыққа көмектеседі екен. «Бұл жақта дүкеннің өзі сағатпен жұмыс істейді. Түсте жабық тұрады. Бұрындары кинодан көретін едік, бұл да сол кинодағыдай болды. Үйлердің өзі шағын екен», — деп алғашқы таңданыстарын еске алған Нұралының қазіргі жағдайы жақсы. Сағынған кезде ауылға келуді әдетке айналдырған. Жұмысы тұрақты, табысы бар Нұралыға алдағы істеріне сәттілік дейміз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *