ҚАЛАЛАРДЫҢ КӨРКІН АШҚАН БАҒБАН

Қоғам
549 Views

Құлпырған қызылды-жасылды әсем гүлдер қаламыздың көркін ашып, көңілімізді көтереді. Ал, оны егіп, баптап, тарату оңай жұмыс емес. Иелік жерлеріндегі жылыжайларына көкөністер мен түрлі жемістерді егіп, сатып, пайдаға кенеліп отырған тасбыскер жандардың қатарында гүл көшетін егумен айналысатын Альфия ханым да бар.

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Дербісек елді мекенінің тұрғыны Альфия Аширбаева гүлдерді егіп, баптап, таратумен айналысады.

Ол ауыл шаруашылығын қолдау қорынан 6,0 млн. теңге көлемінде төмен пайызды несие алып, кәсібін бастаған. Иелігіндегі 35 сотық жылыжайының жартысына көшелерді безендіруге арналған әдемі гүлдердің 20-ға жуық түрін өсіріп отыр. Әсемдіктің символы – гүлдерді өсіріп, баптауға әбден машықтанып алды.

Бүгінгі таңда жылыжайдан жылына 300000 – 500000 түп аралығында гүлдердің көшеттерін өндіріп, Нұр-Сұлтан, Алматы және облыс орталығы Түркістан қалаларына саудалауда.

Кәсіпкер осылайша маңдай терін төгіп, талмай еңбек етіп, еліміздегі қалалардың көшелерін абаттандыруға едәуір үлес қосып жүр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *