Кез келген мемлекет дамуының маңызды көрсеткіштері ретінде — азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың тиімділігі, қылмыстық процесс пен сот төрелігінің қолжетімділігі мен ашықтығы болып саналады.
2020 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында қылмыстық процестің әрбір кезеңінде тиімді сүзгілерді құру, тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін нығайтуға бағытталған өкілеттіктерді айқын бөле отырып, қылмыстық процесті жаңғыртуға тапсырма берді. Бұл реформаның басты мақсаты – қылмыстық қудалау органдары, прокуратура мен сот арасында өкілеттіктерді айқын бөлу.
Осының негізінде, 2020 жылдың 19 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданып, 2020 жылдың 31-желтоқсанында қолданысқа енген болатын.
Жаңа заң талаптарына сай қылмыстық процестің үш буынды моделі қалыптасты. Жоғарғы халықаралық стандарттарға жауап беретін үш буынды модельдің басты басымдығы — азаматтардың конституциялық құқықтарының дер кезінде қорғау болып табылатындықтан, ол құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру мәселесіндегі кезекті қадам болып табылады.
Аудандық прокуратурасымен жаңа заңның сақталу мен азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау бағытында кешенді іс-шаралар атқарылуда.
Жылдың басынан Абай ауданы бойынша тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар саны – 20%-ға жуық төмендеуімен сипатталады, соның ішінде қылмыстар – 13%-ға төмендеген, теріс қылықтар 50%-ға төмендеген.
Бірінші кезеңде, қылмыстық қудалау орбитасына тартылған тұлғалардың конституциялық құқықтарын қозғайтын қылмыстық қудалау органдарымен қабылданатын негізгі процесстік шешімдерді прокурормен келісу енгізілді.
Прокурордың келісімінсіз қылмыстық қудалау органдарының барлық негізгі шешімдерінің заңды күші мен құқықтық салдары болмайды.
Бүгінгі күнге жаңа заң аясында аудан прокуратурасымен тұлғаға қатысты «күдікті» деп тану, іс-әрекетін қайта саралау тұлғаның іс-әрекетін саралау, қылмыстық істің тергеп-тексеру мерзімін үзу туралы қаулылармен келісу, қылмыстық істі сотқа жолдау, қылмыстық іс бойынша тоқтату туралы қаулыларды бекіту іске асырылуда.
Бұл деген сөз, прокурормен шешімдер бекітілгенге дейін азаматтарды қылмыстық процеске тартуға жол берілмейді.
Негізгі шешімдерді келісудің тағы бір артықшылығы — артық бюрократиялық кедергілерді жою. Тергеушілердің уақытын үнемдеу. Іспен бірге прокурорға барудың, кабинеттерді аралаудың, прокурордың шешімді қашан қабылдайтынын күтудің қажеті жоқ.
Электрондық келісу манипуляцияларды азайтады, өйткені қабылданған негізгі шешімдерді түзету мүмкін емес, бұл да бұрмалану мүмкіндігін жоққа шығарады.
Осылайша, Мемлекет басшысының азаматтарды қылмыстық процесс шеңберіне тартудың заңсыз фактілерінің жолын кесу жөніндегі тапсырмасы қамтамасыз етіледі.
Өз кезегінде, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау органдары, прокуратура және сот арасында өкілеттіктердің және жауапкершілік аясының ара-жігін ажырата отырып, үш буынды модельді ендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелері кезең-кезеңімен қолданысқа енгізілді.
Екінші кезеңде тергеу барысында негізгі шешімдерді сотқа дейінгі тергеу органдарының тергеушілері емес, прокурорлар қабылдайтынын атап өткен жөн. Прокурор тергеудің әр кезеңінде нәтижелерді тәуелсіз бағалау бойынша, яғни жинақталған дәлелдемелерді бағалай отырып, адамды күдікті деп тану туралы шешім қабылдайды, ал тергеу нәтижелері бойынша айыптау актісін жасайды және сотта айыптауды қолдайды.
Жаңа жоба қадағалау органдарына бірқатар жүктемелерді артып отыр. Қазіргі күні прокуратура құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста. Бұдан бөлек, жаңа заң аясында қылмыстық іс жүргізу электронды форматта жүргізіледі.
Сонымен қатар, аудан прокуратурасы қазіргі таңда электронды форматта 400-ге жуық істі сотқа жолдады және аудандық полициямен жүзден астам қылмыстық іс бойынша «е-Көмек» арқылы іске адвокат тағайындалды.
«Бұдан бөлек аудан прокуратурасымен жүргізілген күнделікті мониторинг жұмыстарының нәтижесімен, қылмыстық құқық бұзушылықты электронды форматта СДТБТ-не тіркелгеннен бастап істердің толықтылығын тексеріп, іс құжаттарды дерекқорға енгізілуін қамтамасыз етуде.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша енгізілген қылмыстық процестің үш буынды моделі сөзсіз заңның үстемдігін, әділдігін және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Абай ауданының прокуратурасы