Күні кеше Шымкент қаласы білім беру қызметкерлерінің тамыз педагогикалық кеңесі «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» деген тақырыпқа арналды. Республикалық дербес қала мәртебесін иеленген шырайлы шаһардағы биылғы басқосу бөлекше жағдайда, аса зор салтанатпен өтті. Алдымен жас ұрпақ өкілдері ұстаздар қауымын жаңа оқу жылының басталуымен шынайы құттықтап, өздерінің жүрекжарды ізгі тілектерін жaлынды жыр жолдарымен, сырлы сөздерімен жеткізді. «Ұстазым, менің, ұстазым!» әнін әуелете шырқады.
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов, ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Сұлтанбекұлы Жұмашев, Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Нұрлан Бекназаров, қала әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай, қалалық білім басқармасының басшысы Ақерке Абылайхан мінберге көтерілді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалды.
Тамыз кеңесін Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Рахметоллаұлы ашты.