КЕНТАУДЫҢ ӨЗ КІРПІШ ЗАУЫТЫ БАР

Қоғам
860 Views

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Кентау қаласына кезекті жұмыс сапарында жаңадан іске қосылған кірпіш зауытының жұмысымен танысты. Өндіріс ошағы қаладағы арнайы экономикалық аймағында бой көтерген. Маңызды жобаны «Almaty NS Group» ЖШС жүзеге асырып отыр.

Зауыт айына 3 млн. дана керамикалық кірпіш шығарады. Кәсіпорынды салып, қажетті қондырғылармен қамтуға 1 млрд. 720 млн. теңге инвестиция құйылған. Жоба жүзеге асырылғаннан кейін жылына 45 млн. дана кірпіш шығару көзделіп отыр. Кәсіпорынның құрылысы 2021 жылы басталған. Бүгінде құрылысқа қажет материалдармен қамтылып, өндіріске керек пеш пен қондырғылары орнатылған. Қазір кірпіштің алғашқы легі шығарыла бастады. Жалпы зауыттың жылдық қуаттылығы – 45 миллион дана. Мамандардың айтуынша, алдағы бірнеше жылда кірпіш өндірісі жылына 4-5 пайызға өспек. Зауытта 50 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *