«ҮМІТ ҮЙІ» ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Қоғам
701 Views

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында отбасылардағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға аса назар аударды. Тұрмыстық жағдайда зорлық-зомбылық құрбаны болғандарға қоғам болып көмек беруіміз қажеттігін айтты.

Осы мақсатта, Төлеби ауданының орталығы Ленгір қаласында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен отбасын қолдау орталығы ашылды.

«Үміт үйі» атауына ие болған орталық ең алдымен тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек беріп, қиын жағдайға душар болған ересектер мен балаларға психологиялық қолдау көрсетеді. Ауданның кез келген жастағы тұрғыны, күйзеліске ұшыраған отбасылары әлеуметтік-құқықтық көмек ала алады.

Тұрмыстық жанжалдың құрбандары уақытша паналайтын орын 5 бөлмеден тұрады. Аталған орталық Түркістан облысына қарасты аудандар арасында алғашқы болып Ленгір қаласында ашылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *