АУЫЛДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БИЗНЕС

Қоғам
537 Views

Бүгінде тұрғындардың қолынан келетін шаруасын кәсіпкерлігіне, табыс көзіне айналдыруға мүмкіндік молынан. Бұл ретте жұмыссыздықты жою мақсатында қолға алынған «Еңбек» бағдарламасының маңызы зор. Бағдарламаның көп бағыттарының бірі – жұмыссыз азаматтарды кәсіпке баулу. Осы мақсатта тұрғындарға кәсібін бастауға қаражат беріліп, қолдау білдіріледі. Бұл қолдауды бүгінде әсіресе ауыл тұрғындары оңтайлы қолдануда. Бағдарламаның әсіресе, жастардың бизнесін дамытуда септігі мол.

25 жастағы ауыл тұрғыны Мақсат Өтеген аталған бағдарламаның грантын ұтып алып, инновациялық жобасын жүзеге асырып отыр. Ол жаңа бизнес түріне бет бұрып, 3D-принтерімен түрлі бұйымдар шығара бастады. Бүгінде 3D-принтер өте тығыз компоненттерді басып шығару үшін жиі қолданылып жүр. Бұл тапсырыс берушінің уақыты мен қаржысын үнемдейді. Айта кетейік, бүгінде шетелдің машина құрастырумен айналысатын әйгілі компаниялары осы осынау заманауи құрылғыны автомобиль өндірісі саласына бейімдеп отыр.

3D — бұл суретті үш өлшемді етіп шығаратын құрылғы. Ол сандық үшөлшемді модельді пайдалана отыра қабаттап шығарады. Суретті жасап шығаруға пластиктің бірнеше түрі қажет болады. Мақсат бейненің әлдеқайда шынайы, тартымды болуына жаңа компоненттер қосып жатыр.

Сырт келбеті жағынан 3d принтер металл бағыттаушылар қондырылған қарапайым принтерге ұқсас, ал басып шығаруды экструдер немесе лазер жасайды. Оны күрделі суреттер мен пішіндерді, бөлшектер мен фрагменттерді, жалпы қарапайым принтермен шығаруға мүмкін емес заттарды басып шығаруға қолданады.

Мақсаттың мамандығы – экономист, бизнес менеджері. Замана талабына сай мамандық таңдаған тың ойлы жас — принтердің көмегіне пластиктен машина құрылғылары мен түрлі макеттерді, модельдерді тапсырысқа жасайды. Түрлі білім ошақтарынан да сұраныстар артуда. Осыны ескерген ол алдағы уақытта білімін жетілдіріп, көпфункциялы принтердің көмегімен тек қана пластиктен емес, сондай-ақ темір, өзге де материалдардан түрлі бұйымдарды жасап шығарғысы келеді. Осылайша ауыл тұрғындарын әсіресе жас буынды тың идеяларға баулып, инновациялық жобаларға баулығысы келеді. Алайда, өз ісін енді ғана ашып, аяққа тұрып келе жатқан кейіпкерімізге бағасы қымбат тұратын курстардан өту әзірге мүмкін болмай отыр. Оның үстіне тың технологияны меңгеруге арналған арнайы курстардың көбісі шетелдерде оқытылады екен. Мақсат кәсібін жолға қойып болған оның өз білім-біліктілігіне салым салады. Себебі, бұл бизнестің ертеңі бар. Сұраныс көлемі қазірден бастап артып келеді.

Ол болашақта медициналық білім беретін арнайы оқу орындарымен жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Болашақ мамандарды оқытуда қолданылатын түрлі көрнекіліктерді, макеттерді жасап шығаруды ойластырып жүр. Ол үшін әрине білімді жетілдіру қажет болады. Бұл ретте жаңа принтердің мүмкіндіктерін ғана сондай-ақ медицина саласына дендеудің маңыздылығы артады.

Инновациялық жоба иегері мемлекеттік бағдарламаның әсіресе жастардың кәсіпкерлікке бет бұруына, инновациялық жобаларға жол ашуға септігін тиіп отырғанына дән риза. Көптен ойында жүрген бизнес идеясын алдағы уақытта дамытып, осы салаға ауыл жастарын да баулымақ ниетте.

Құралай ИСЛАМҚЫЗЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *