«ЖЕМҚОРЛЫҚ – ІНДЕТ, КҮРЕСУ – МІНДЕТ»

Қоғам Құқық
631 Views

«Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың бастымақсаты» атты Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқынаЖолдауында «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққақарсы күрес ерекше мәнге ие болады» деп атап көрсетті. Яғни бұл мемлекеттің осыжағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясатыжанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік -экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесінбаяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.

Сыбайлас жемқорлық қыл­мы­сымен күрес жүргізу оңай шаруа емес, ол ұзақ мерзімге бағыт­тал­ған мемлекеттік шара. Ең бас­тысы осы кеселге қатаң бағыт­талған мемлекеттік бағ­дарлама жоғары деңгейде жауап­тылықпен іске асырылуы тиіс.

Еліміздің заңнамаларына сәйкес сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу және сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп лауазымды қолданып алу немесе ысырап ету жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.

Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.

Бұрынғы өткен ата-бабаларымыздың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз. Олардың «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген сөздері бекер айтылмаған.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.

Қызмет құзыреті бойынша Тәртіптік кеңесі Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасымемлекеттік қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі талаптарының сақталуын қадағалап,аталған заңнама мен Кодекс талаптарының бұзылуына жол берген қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігін қарау белгіленген.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

Қазақстан Республикасы жүргізілетін саясатымен сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ деп көрсетеді. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Сондықтан, сыбайлас жемқорлыққа қоғам болып қарсы тұруымыз қажет, бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс.

Осы ретте, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылуда.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 22-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.

Шымкент қаласы бойынша әскерге шақыру немесе мерзімді кейінге қалдырубөлігінде барлық сұрақтар бойынша кеңес алу үшін Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінде «жедел желі» жұмыс жасайды, онда жауапты лауазымдытұлғалар азаматтарды толғандыратын барлық сұрақтарды түсіндіреді жәнетүсініктеме береді.

Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті сенім телефоны:

Call-center 8 (7252)55-81-29, 54-95-88

Жергілікті тұрғындарға әлеуметтік желі бойынша (ddoshimkent) Инстаграмм аккаунты ашылған, ҚР Қарулы Күштері серверінде (ddoshimkent@mod.gov.kz) электронды жәшігіне қандай да бір қызмет көрсету бойынша сұрақтар болса жолдауға болады.

Бұл ашық формат, әскерге шақырылушылар, олардың ата-аналары, журналистер, жұртшылық өкілдері кез келген ақпарат алу үшін жүгіне алады және жауап ала алады.

Қызмет этикасын сақтау – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың басымды жағдайын көңіл бөлу.

Мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қойылады. Негізгі күш жеке құрамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін көтеруге бағытталған.

Әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды хабарландыру үдерісін мобильдеу және автоматтандыру мақсатында, сынама жобасының шеңберінде ақысыз негізінде ҚР ҚМ ЖР АЖ интеграциялық шлюзі арқылы 1414 қызметі SMS-хабарландыру бойынша тиісті әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды:

— әскери қызметке немесе жиындарға шақыруға;

— медициналық куәландыруға;

— әскерге шақырушыларды зерделеу үшін жергілікті әскери басқару органдарына шақыру жүзеге асырылуда.

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен бірлескен алдын алу жұмыстары белгіленген және ағартушылық штабымен байланыс орнатылған.

Департамент және басқармаларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту және азаматтардың сенімін арттыру үшін «Қарулы Күштер – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмысын жалғастыруда.

Жобалау кеңсесіне азаматтар өтініш жасайтын мәселелерді қарау кезінде жобалау тобы келуші азаматтардың сұрақтарына тез-жылдам шешімін табу, басқа да органдар мен мекемелермен хат алмасу қажеттілігін болдырмау, оларды тікелей шешу жөнінде толық шаралар қабылдайды. Бұл жобаның негізгі мақсаты проблемалық мәселелер бойынша өтініш білдіргендерді қабылдау кезінде ақпарат алудың ашықтығы, жеделдігін айқындайды.»Қарулы Күштері — Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жұмыс істеуі жұмыстың тиімділігін көрсетіп, азаматтардың сенімін арттыруда. Шымкент қаласы әкімдігінің «Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесімен бірлескен өзара тәжірибе алмасуда тұрақты байланыс бар, жұмыс жалғастырылуда.

Сонымен қатар, жалпы қызмет барысында «Жемқорлық – індет, күресу – міндет», Абай атамыздың «Пайда ойлама ар ойла», Бауыржан атамыздың «Намысты нанға сатпа» нақыл сөздері жеке құрамның ар-ұяты санасына ұялату негізгі күш-жігеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін көтеруге айқындық, әділдік, парасаттылықты ұстануға бағытталған.

А.ШЕГЕБАЕВ,

Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығы, полковник

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *